“Нұр Отан” ХДП Астана қалалық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған кезекті форум өтті. Онда филиалдың атқарған жұмысы және алда тұрған міндеттері сарапқа салынды.
Жемқорлыққа қарсы күрес форумына Сенат депутаты, “Нұр Отан” ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы О.Әбдікәрімов, Мәжілістің, Астана қаласы мәслихатының депутаттары және басқалар қатысты.
Форумда 2010 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, “Нұр Отан” партиясының 2011-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа бағдарламасының жобасы және Астана қалалық партия ұйымының 2011 жылға белгілеген міндеттері талқыланып, жаңа басымдықтар белгіленді.
“Егемен-ақпарат”.