• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Кеше...

420 рет
көрсетілді

...жарайсың, “Тобыл”! деді жанкүйерлер Еліміздің чемпионы болған “То­был” командасына құрмет көр­се­тілді. Жанкүйерлер салтанат өткен қысқы спорт сарайының аузы-мұр­нынан шығып тұрды. Онда облыс әкімі Сергей Кула­гин бұл жеңісті “ко­манданың ға­жайып еңбегі” деп бағалады. Мұ­нан кейін Қазақстан Фут­бол фе­дерациясының вице-пре­зиденті, Ұлттық футбол лигасының ди­рек­торы М.Гурман командаға чем­пионаттың алтын медалін табыс етті. “Тобыл” командасын бар­лық жанкүйерлер құт­тықтады. “Тобыл” жаттық­ты­ру­шысы Ра­виль Сәбитовтің де үлкен еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар, оны­мен келісім-шарт келесі жылға ұзартылды. Футболшы­лар­ға деген құрмет эстрада жұл­дыздарының концертімен шы­райланды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай. ...Саммитке арналған акция өткізілді Қобда ауданындағы “Әлия” патриоттық тәрбие беру облыс­тық орталығында Ақтөбе облыс­тық ішкі саясат басқармасының және Әлия-Мәншүк “Қос шы­нар” қоғамдық бірлестігінің ұй­ым­дастыруымен Қа­зақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымына төр­аға­лық етуін және елордамызда өтетін бұл аса мәртебелі Ұйым­ның Саммитін облыс жастары­ның қол­дауы ретінде өткізілген “Өз елінің патриоты” акция­сы­на аудандардан жас айтыскер ақындар, спортшы­лар, талантты жастар, сондай-ақ “Әлия” ауы­лының тұрғындары – бар­лығы 300-ден астам адам қатысты. Акция аясында талантты жас­тар арасында “Жүрегімнің түбіне терең бойла...” атты Абай өлеңдерінен сай­ыс, жас спорт­шылар арасында шах­мат, қазақ күресінен жарыс, “Өз елінің патриоты” тақырыбында ақын­дар айтысы ұйымдасты­рылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,  Ақтөбе облысы. ...Еңбек Ерінің жәдігері мұражайға табысталды Сәли Шәкірова екін­ші дүниежүзілік соғыс жыл­да­рын­да Жылыой ауданындағы ша­руа­шылық ісіне белсене арала­сып, Правда, Амангелді ұжым­шар­ларын­да басқарма төр­аға­сының орынба­сары болған. Кейіннен Қияқы, Калинин ауыл­дық кеңестерінің ат­қару ко­митетін басқарған. Осындай жауапты жұмыстар атқарып, ел­дің еңсесін көтерудегі жан­қияр­лық еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағын алып, Ленин ор­денімен ма­рапатталған абзал ананың тұтынған әрбір дүниесін кейінгі ұрпақ үшін жәдігер десе болғандай. Қазір Жылыой ауданының өркендеуіне маңдай терін төк­кен Еңбек Ерінің марапаттары, соның ішінде “Алтын Жұл­дызы” аудандық мұражайдағы жәдігерлердің біріне айналды. Мұражайдағы баға жетпес жәді­герлер қатарындағы Сәли Шәкі­рованың тұтынған заттары тағы бір құнды дүниемен толықты. Кеше Еңбек Ерінің келіні мұ­ражайға әйел адамдарға ар­на­лып жасалған ерді арнайы та­быстады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.