• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Шаралар ауқымы кең

435 рет
көрсетілді

11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.Тәжин Ұжымдық қауіпсіздік Шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Н.Бордюжамен кездесу өткізді. Әңгіме барысында негізгі тақырып осы жылдың желтоқ­сан айында болатын ҰҚШҰ қызметі­нің басты оқиғалары – Сыртқы іс­тер ми­нистрлерінің кеңесі, Қор­ғаныс министрлері­нің кеңесі, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бі­ріккен отырысы және ҰҚШҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшы­лары­ның деңгейіндегі Ұжымдық қауіп­сіз­дік кеңесінің  сессиясы туралы болды. Н.Бордюжа үстіміздегі  жыл­ғы ма­мыр айында Мәскеу қа­ла­сы мен тамыз айында Ереван қа­ласында өткізілген бейресми саммиттерде мемлекет басшы­ла­ры берген тап­сыр­маларды орын­дау мақсатында әзірленіп жатқан құ­жаттар жоба­ла­ры жайында хабар­дар етті. Ең басты назар дағдарыс­қа қарсы ден қою тетіктерін жетілдіру құжат­тарына аударылды. М.Тәжин ұжымдық қауіп­сіз­дік жүйесінің дамуына және кез келген қыр көрсетулер мен қауіп-қатер­лерге қарсы қимыл жасайтын жаңа мүмкіндіктерге жағдай жасайтын шаралардың Қа­зақстан тарапынан қабылда­нып жатқанын мәлімдеді.