• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2010

Өрістегі малға “ие” көп

525 рет
көрсетілді

Жақында Арқалық қаласының полицейлері жолдан екі “КамАЗ” мәшинесіне жол бастап бара жат­қан “Ниссан” жеңіл көлігін тоқтат­ты. Екі “КамАЗ” үстіне 42 ірі қара артылған. Бірақ мәшине­дегі жо­лау­шы­ларда мұның кімнің малы екенін көрсететін ешқандай құжат болмай шықты. Жүк көлі­гінің жүргізушілері Арқалық қала­лық ішкі істер басқармасына әке­лі­ніп, олардан істің жөн-жосығы тергелді. Жүргізушінің бірі 1963 жылы, екін­шісі 1981 жы­лы туған, жұмыссыз. Олар поли­цей­лерге сиырларды да­ла­д­ан, жа­йы­лып жүрген жерінен артып ал­ғанын мойындады. Жайы­лымда жүрген малдың иелері та­бын­ды әр 5-7 күн сайын тексеріп тұра­ды. Әккі ұры­лар осыны пай­да­ланып, ешқандай қараусыз, бақ­та­шысыз жайылып жүрген сиыр­лар­ды бел­гілі жерге жеткізіп, дереу са­тып жі­беруге әрекеттенген. Ұры­лар­дың есебі күшті болған, поли­цей­лер қалғып кетіп, бұларды бай­қа­­­ма­ған­­да, ұрланған малды олар ке­мін­де 2 миллион теңгеге сатар еді. Полицейлер мал иелерін қала­лық ішкі істер басқармасына ша­қыр­ғанда, өз сиырын мәшине­нің үстінен көрген олар таңқал­ғаннан не күлерін, не жыларын білмеді. Облыста мал ұрлығы тек бұл емес. Жыл басынан бері 134 мал ұрлығы тіркелсе, соның 94-інің беті ашыл­ған. Облыстық ішкі істер департа­менті басшыларының айтуынша, өрістегі мал көбіне қараусыз жата­ды. “Шығасыға иесі басшы” деп қазақ бекер айтпаған. Ал көзінің құрты болған иесіз малды құртпа­йынша ұрылар да көз ілмейді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.