• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2010

“Келгенбайлар” кетірілді

344 рет
көрсетілді

Қалалық көші-қон бөлімінің бастығы, подпол­ковник Саят Шәкеновтің айтуын­ша, сырт­тан келгендерді қайтару шарасы өз дәрежесінде өткен секілді. Айталық, аталған шараны өт­кізу барысында тиісті заңды­лықты бұзған елуден астам ше­тел­дік жауапкер­шілікке тарты­лып­ты. Соның бесеуі алыс шетелден кел­гендер болса, қал­ғандары көр­ші­лес Ресейден екен. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды сол, ресей­лік көрші­леріміз заңға мо­йын­сұнбай әлі де аяқты алшаң бас­қы­сы келетін сияқты. Сол себеп­тен де 14 заң бұзу­шыны ел аумағы­нан күш­теп шығарып жіберуге тура келген. Анықтай келгенде, заң бұзу­шы­­лардың көбі былайғы тілде “гастар­байтер” деп аталатын жұмыс іздеп келгендер көрінеді. Ал есектің артын жуып та мал тапқанды жөн көретін­дер заңды қайтсін. Бірақ арзан жұ­мыс күші­не бола қайсыбір отандас­тары­­мыздың заңды бұзып жата­ты­нын қай­терсің. Бұл жолы соған орай екі жергі­лікті азамат жауапқа тар­тылыпты. Шетелдер­ден келген қонақ­тарды дер ке­зінде есеп­ке тұрғызбаған он­шақ­ты отандас­тары­мыз да жауапкер­шіліктен құтыла алған жоқ. Бөлім бастығының айтуын­ша, ел­ден кету туралы заң тала­бын орын­дамаған өзбекстандық аза­матқа қарсы қылмыстық іс қозғалыпты. Тек биылғы жыл­дың өзін­де мұнда осындай заң бұзушы­лық­қа орай 14 қылмыс­тық іс қозғалған. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.