• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2010

Мультивалюталық “Альянсдепозит”: Қазақстандағы тұңғыш жоба

434 рет
көрсетілді

Кемел келешекке даңғыл жол бүгін­нен басталатындығы және де оған үлкен дайындықпен қатар, жан-жақты ізде­ніс­тің және іскерлік пен біліктіліктің қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Уақыттың жоғары талабы үдесінен шығуды басты мақсатқа айналдырған “Альянс Банкі” АҚ 2013 жылғы Даму стратегиясына сәйкес тұтынушыларға ұсынылатын қызмет сапасын жақсартып, болашақта әм­бебап қаржы институты ретінде да­муды жоспарлап отыр. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, Альянс Банкінің өз клиенттеріне ұсынып отырған жаңа өнімдерінің саны уақыт өткен сайын көбейіп, оның сапасы да арта түсуде. Көпшілік назарын аударып отырған сондай жаңа да ерекше өнімдердің бірі – мультивалюталық “Альянсдепозит”. Сала мамандарының айтуынша, “Аль­янс­депозит” атты жаңа өнімнің өзге өнімдерден ең басты артықшылығы – бұл әркімнің бақытты өміріне қажетті әрі қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Бір құптарлығы, “Альянс Банкі” АҚ қаржы институты үнемі өз тұтыну­шыларының жоғары талабынан шығуға ұмтылып, бұл бағытта бірқатар ұтымды іс-шараларды дәйектілікпен жүзеге асыруда. Сондықтан да депозитте қара­жатты орналастыру шартының тұтыну­шы­лар үшін ұтымды және тиімді екен­ді­гін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екен­дігі сөзсіз. Бұл мәселеде есте бо­ла­тын тағы бір жәйттердің бірі – Альянс Банкінің клиенттері депозитке салымды ұлттық валюта – теңгемен ғана емес, сонымен қатар АҚШ доллары, еуро және Ресей рублі түрінде де ашуына әбден болады. Сондай-ақ, мұның өзі депозиттегі қаражатты толықтыруға және депозит­тен ақшаны қалаған кезде алуға, соны­мен қатар Интернет-банкинг арқылы депозиттік ақшаны басқаруға да тікелей қатысты. Алғаш рет ақша салған кезде банк әрбір клиентке VІSA/MasterCard электрондық карточкасын сыйға тар­тады. Альянс Банкінің мультивалюталық салым – “Альянсдепозитті” одан әрі жетілдіре түсуі өз нәтижесін берді. Сөй­тіп, Альянс Банкі салымшылары үшін жаңа әрі ұтымды мүмкіндік туды. Енді банк клиенттері, барлық тұ­тыну­шылар салымды ресейлік рубльмен де сақтай алады. Сонымен атап ай­тарлығы, Альянс Банкі Қазақстанда тұңғыш рет ақшаны бірден төрт түрлі валютамен орналастыру мүмкіндігі бар депозитті енгізді. Жаңа өнімнің банк салымшыларына берер пайдасының біршама мол болатындығы сөзсіз. Оның басты себебі, салымшылар өз депози­тінің ішіндегі валюта байланысын бас­қара алады, ал мұның өзі валюта кур­сының өзгеруіне байланысты әртүрлі қауіп-қатерлерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Мультивалюталық “Альянсдепозит” салымының мерзіміне келсек, оның өзі алты айдан 36 айға дейінгі уақытты құрайды. Ал, енді депозиттегі қаражатты салымшының өз қалауы бойынша кез келген уақытта толықтырып отыруына ешқандай шектеу қойылмайды. “Аль­янс­­депозит” келісімшартын уақытынан бұрын бұзған жағдайда салымның сақ­талу мерзімі – отыз күннен асқан жағдайда сыйақы ставкасы салымның сақталу мерзіміне орай негізгі ставка көлемі бойынша есептелінеді. Конвертациялаудың ең төменгі со­масы ұлттық валютамен – 75 000 теңге, АҚШ валютасымен – 500 доллар, 500 еуро және 15 мың ресейлік рубль мөл­ше­рінде болмақ. Жинақтау банкіне ау­да­рылған қаражат “Қазақстан Респуб­ликасындағы екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттердің міндетті түрдегі кепілдемесі туралы” ҚР Заңына сәйкес міндетті түрде кепілдендірілген нысан болып есептелінеді. Сонымен, Альянс Банкінің жаңа өнімі – муль­тивалюталық “Альянсдепозит” көпші­ліктің ертеңгі күнге сенімін арттырып, тұрмыс-тіршілігін және болашағын да көркейтуге айтарлықтай ықпал етпек. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.