• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің бұйрығы № 521

390 рет
көрсетілді

19.08.2010 ж. Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма нысанын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен бекiтiлген Балық аулау ережелерiнiң 20-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлген Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма нысаны бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Төрағасының 2006 жылғы 15 мамырдағы «Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма нысанын бекiту туралы» № 16-6/72п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4270 тіркелді, 2006 жылғы 6 шiлдедегi № 123 (929) «Заң газетiнде» жарияланды) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А. Күрішбаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы «___» ______ № ____ бұйрығымен бекітілген Нысан Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма Облыс___________________________________________________________________ Балық шаруашылығы ұйымы________________________________________________ Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі_________________________ Аулау құралы_______________________________________ (____________________) параметрлерi Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.