Еліміздегі қаржы институттары арасында тұтынушыларға қызмет көрсетуде өзіндік басымдықтарымен көпшілік назарын аударып отырған «Альянс Банкі» АҚ жаңа өнімдерінің қатары уақыт өткен сайын арта түсуде. Жасыратыны жоқ, Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін өзінің тұрмыстық жағдайын жақсартып, әлеуетін молайту өте маңызды және мұның өзі өзекті мақсатқа да айналуда. Өмірлік қажеттілікке айналып отырған бұл жағдайда да, сізге Альянс Банкі бірден көмекке келеді. Анығырақ айтқанда, егер сіз өз қаражатыңызды сақтап және оның көлемін көбейткіңіз келсе, банк жекелеген клиенттерге бірқатар өнімдер түрлерін, яғни оның әр алуан ассортиментін де ұсына алады. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, Альянс Банкі ұжымы жұмысының сапасы халықаралық озық стандарттарға, жоғары талапқа сай келуі көп нәрседен хабар берсе керек.
Альянс Банкінің жеке өнімдеріне шолу жасағанда, ең алдымен банктің жаңа өнімі мультивалюталық «Альянсдепозит» жөнінде атап айту қажет. Оның басты себебі, «Альянсдепозит» сіздің өміріңізді көрікті етуге айтарлықтай ықпал етпек. Бүгінде халқымыз Альянс Банкінде 66 млрд. теңгеден астам қаржысын сақтайды. Сонымен бірге, қаржы институтының дистанциялық, яғни аралық қызмет көрсету – интернет-банкинг, «Handy Pay» мобильді төлемдер жүйесін, банкомат, POS – терминал сияқты өнімдерін де кеңінен пайдалануға болады. Бір ескеретін жәйт, дистанциялық қызмет көрсету аясында клиенттер өздерінің банктік есепшотын бақылауға, коммуналдық қызмет төлемдері мен әртүрлі сервистік компаниялар қызметтеріне төлем төлеу мүмкіндіктеріне ие болады. Сондай-ақ «VISA» картасынан «VISA» картасына бүкіл әлем бойынша аударымдар жасай алады. Қаржы институтының жеке клиенттеріне арналған несиелендірудің икемді бағдарламасы әр алуан қажеттіліктерге керекті көлемде және уақытында қаражат алуға бірден көмектеседі.
Ең бастысы, Альянс Банкі тұтынушылардың өздеріне ең ыңғайлы келісімшарт аясында қаражатты тартуы бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жетілдірумен айналысуда. Банк клиенттері назарына ұсынылатын мұндай тиімді өнімдердің арасында экспресс, тұтынушылық, лояльдылық, қайта қаржыландыру, ипотекалық несиелеу және де басқа қызмет түрлері бар. Атап айтарлығы, тұтынушылардың игілігіне арналған бұл өнімдердің қай-қайсының болсын өзіндік тиімді ерекшеліктері мен артықшылықтары жеткілікті. Мәселен, үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанындағы деректерге сүйенсек, жалпы сомасы 14,5 млрд. теңгені құраған 24 272 Экспресс несиесі беріліп, ал ипотекалық несиелеу бағдарламасын 3 айда-ақ 66 азаматымыз пайдаланып тұрмыс жағдайын жақсартты. «Альянс кредит Ипотека» өнімінің несиелендіру мерзімі – 37 айдан 240 айға дейін. Ал, берілетін займның сомасы – 1 100 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін, мұның өзі сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының тоқсан пайызына дейінгі соманы құрайды.
Сонымен қатар, тілге тиек ететін тағы бір мәселе – «Ақкент» тұрғын үй кешенінде пәтер алуға ұсынылатын «Альянскредит Ипотекаға» кеңірек тоқталған жөн сияқты. Себебі, банк несиесінің мұндай түріндегі келісімшарт тек қана «Ақкент» тұрғын үй кешеніне баспана алуға ғана арналған. Жаңа баспана алып жағдайын жақсартуға ниеттенген тұтынушының төлейтін ең алғашқы жарнасы алынатын жылжымайтын мүлік құнының 10 пайызын құрайды. Несие көлемі – 30 000 000 теңгеге дейін, сыйақының жылдық ставкасы – 10 пайыз (жылдық тиімді мөлшерлемесі – 10,62%-дан) және несие мерзімі – жиырма жылға дейін созылады. Несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болса, алты айдан кейін айыппұлсыз санкция жүзеге асырылмақ. Көпшілік назарынан тыс қалмайтын тағы бір өнім – «Альянскредит Ипотека-2». Мұндағы алғашқы жарна сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының – 15 пайызынан басталады. Егер алғашқы жарнаға арналған қажетті қаражат болмай қалған жағдайда қосымша қамтамасыздандыру ретінде өтімді тұрғын жылжымайтын мүлікті кепілдік түрінде ұсыну мүмкіндігі де бар.
Жылжымайтын мүлік құнынан алғанда 15 пайыздық алғашқы жарна өтелген кезде клиенттің толық кірісі (табыстың көлемі) талап етіледі. Ал, жылжымайтын мүлік құнынан алғашқы жарна 50 пайыз көлемінде төленсе, онда табыстың жекеленген түрде нақтылануы мүмкін. Несие мерзімі – 20 жыл, несие сомасы – 30 000 000 теңгеге дейін беріледі. Сыйақы ставкасына келетін болсақ, 1-7 жыл аралығындағы займ мерзімінде 14,5 пайыз, 7-15 жыл аралығында 15,5 пайыз, ал 15-20 жыл аралығындағы займ мерзімінде 16,5 пайызды құрайды. Жылдық тиімді ставка 1-7 жылда займ мерзімі – 15,68 пайыз болса, 7-15 жылда 16,76 пайыз, 15-20 жылда 17,91 пайыз көлемінде болмақ.
Альянс Банкінің көпшілікке жақсы таныс бағдарламаларының бірі – «Альянскредит Қайта қаржыландыру» кез келген тұтынушыға өздеріне өте тиімді жағдайда несие алуға ықпал етіп, мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ бұл бағдарлама бойынша бұдан бұрын басқа бір банктен алынған несиені өтеуге әбден болады. Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру мерзімі бір жылдан жиырма жылға дейін белгіленсе, тұтынушылық несиені қайта қаржыландыру мерзімі алты айдан 15 жылға дейін. Ипотекалық несиені қайта қаржыландырудағы несиенің жалпы сомасы – 600 мың теңгеден – 30 000 000 теңгеге дейін. Ал, тұтынушылық несиені қайта қаржыландыруға арналған несие сомасына келсек, оның көлемі – 300 мыңнан 15 000 000 теңгеге дейін деп бекітілген. Займды алуға арналған құжаттардың минимальдық пакетінде – жеке куәлік, СТН, үй кітабының нотариалды түрде кепілденген көшірмесі немесе белгілі бір мекенде тұратындығын нақтылайтын анықтама, отбасы жағдайын дәлелдейтін құжат, соңғы алты айдағы кірісі туралы анықтама және зейнеткерлік қордан соңғы алты айдағы қаражат туралы анықтама қажет.
Сонымен, өз клиенттерінің жоғары талабынан шығуды негізгі мақсат етіп, оларға жүйелі түрде сапалы қызмет көрсететін «Альянс Банкі» АҚ өз көрсеткіштерін одан әрі жақсартуға бағыт алды.
Бақыт БАЛҒАРИНА.
Алматы.