• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2010

Бағдарлама басымдықтары

547 рет
көрсетілді

Биыл кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Осы құжаттың кейбір ерекшеліктері туралы төменде Эконо­микалық даму және сауда министрлігі инновация­лық саясат департаментінің директоры Бауыржан ТОРТАЕВ әң­гі­мелейді. – Индустрияландыру бағдар­лама­сының ең маңызды басым­дығы шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау екені анық. Осы бағытта Үкі­мет нақты қандай шаралар қолдануда? – Өздеріңізге белгілі, индус­трия­ландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Үкімет “Бизнес­тің жол картасы–2020” бағдар­ла­ма­сын әзір­леп, қабылдады. Ондағы не­гізгі мақ­сат – экономиканың ши­кізаттық емес басым сектор­ла­рын­дағы жоба­ларды жүзеге асыруда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау, өңірлік кәсіпкерлікті дамытуды қам­тамасыз ету, тұрақты жұмыс орын­дарын сақтай отырып, жаңа орын­дар ашу. Бағдарлама үш бағыт бой­ын­ша іске асырылуда. Атап айтсақ, жаңа бизнес-баста­ма­ларды қолдау, кәсіп­керлік секторды сауықтыру, экспорт­қа бағдарланған өндірістерді қолдау бойынша жү­зе­ге аспақ. Жаңа инвес­тициялық жо­баларды іске асы­ру ба­ры­сында жеке меншік сектор кәсіп­орындары үшін қаржы ресурс­тары­на қолже­тім­­ділікті жоғарылату, жеке сектор қа­ражатын, ең алдымен банктерді эко­номиканың шикізаттық емес сек­торларында инвестициялық жо­ба­­ларды жүзеге асыру үшін тарту, шағын және орта бизнестің қаржы-эко­номикалық орнықтылығын жо­ға­­рылату міндеттерін шешуге ба­ғыт­­­талып отыр. Яғни, бағдар­ла­ма­ны жү­­зеге асыру индус­трия­лан­дыру үде­рі­сіндегі шағын және орта биз­нес­тің рөлін күшейтуге, өңдеу өнер­кә­сібінде еңбек өнімділігін арт­ты­ру­ға, экспорт­тың шикізаттық емес үле­сінің ұл­ғаюына ықпал ететін бола­ды. Үсті­міз­дегі жылдың 1 қаңта­ры­нан бастап 3 ел арасында Кеден ода­ғы жұмыс істей бастағаны белгілі. Одақ шеңберінде бірыңғай кеден тарифтері қабылданып, елдер арасын­да­ғы әріп­тестік, өзара іс-қимыл­дар­ды жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Үкіметтің негізгі міндеті отандық өндірушілер үшін тәуекелдерді барынша азайту және Кеден одағы шеңберінде берілген мүмкіндіктерді барынша пайдалану болып отыр. Ал “Бизнестің жол кар­тасы – 2020” бағдарламасы осыған үлкен ықпалын тигізетін болады. – Бағдарламаның белсенді жү­зеге асырыла бастағанына қара­мастан оған байланысты сауалдар көптеп түсуде. Мысалы, көпшілік оған кімнің қатыса алатын­ды­ғын, қатысу шарттары қандай екен­дігі туралы көбірек білгісі келеді. – Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер экономиканың ши­кізаттық емес секторларында жү­зе­ге асырылатын жобалар ұсынуы негізгі міндет болып табылады, бұл ең әуелі, өңдеу өнеркәсібінің салала­рына байланысты. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, металлургия, металл өңдеу, мәшине жасау, туризм, ақпараттан­дыру және байланыс. “Бизнестің жол картасы–2020” бағдарламасы­ның алдыңғы жылдары дағдарысқа қар­сы қабылданған бағ­дар­ламалар­дан ерекшелігі, оның өндірістік сек­торды қолдауға басым­дық беруі. Ал металлургия өнеркә­сібінің ірі кәсіп­орындары бағдарлама қатысушысы бола алмайды. Сонымен қатар, бағ­дар­лама шеңберінде акциздеуге жа­та­тын тауарларды шығаруды көз­дей­тін жобалар, мемлекеттік даму инс­титут­тары, несиеге қарыз алған­дар қайта несиелеуге, сондай-ақ қаржы инс­ти­туттары ауыл шаруашы­лығы өні­мін қайта өңдеуге беретін сый­ақы мөлше­рін субсидиялауды ала­тын кәсіпкерлер субсидиялауға жатқызылмайды. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын іске асырудың негізгі құралы банктердің несиесі бой­ынша сыйақы мөлшерін субсидиялау болып табылады. Бағдар­ла­ма­ның барлық 3 шартына сәйкес несие берудің ортақ шарты бойынша оның сомасы 3 млрд.теңгеден немесе 20 млн. АҚШ долларынан аспауы керек. Нақты бағыттар бойынша айта­тын болсақ, жаңа бизнес-бастама­ларды қолдау бағыты бойынша кә­сіп­кер 7%-бен несие алады, бұл жаңа инвестициялық жобаларды ең алдымен экономиканың өңдеу сала­ла­­рында жүзеге асыру үшін өте тар­тымды. Бұл ретте субсидиялау мерзімі оны 10 жылға дейін ұзарту мүм­кіндігімен 3 жылды құрайды. Соны­мен қатар қатысушы кәсіпкер ұсы­нылған жоба құнының 15%-ынан кем емес өз қаржысын салуы тиіс. Екінші бағыт бойынша 2010 жылы жұмыс істейтін несиелер субсидия­ланады, банктер сыйақы мөлшерін 12%-ға дейін төмендетеді. 12 %-дың 5%-ын мемлекет субсидиялайды, 7%-ын заемшы төлейді. Бағдарла­маға қатысу өтініштері 2011 жыл­дың аяғына дейін қабылданады және субсидиялау мерзімі 3 жылдан артпайды. Экспортқа бағдарланған өндіріс­терді қолдау бағыты шеңберінде эко­номиканың барлық сектор­ла­рын­да шығарылатын өнімдердің 10%-дан астамын экспорттайтын кәсіп­кер­­лерге мемлекеттік қолдау көр­се­тіледі. Бұл бағыттар шеңберіндегі жоба­ларды іріктеу шарттары мен талаптар бірінші бағытқа ұқсас. Экспорттаушы 6%-дан аспайтын мөлшерде сыйақы төлейді, ал мемлекет 8% -ын өтейді. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының 1 – бағыты шең­бе­­рінде банктер берген несие бой­ын­ша пайыздық мөлшерді субсидиялаумен қатар жаңа инвестициялық жо­баларға басқа да мемлекеттік қол­дау түрлері көрсетіледі. Бұл – несиелер бойынша ішінара кепілдендіру, өндірістік инфрақұрылымның да­муын қолдау, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау. Бұл кепілдеме жаңа жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ жүзеге асырылған жобалар, өн­ді­рісті кеңей­туге және жаңғыртуға ба­ғытталған несиелерге беріледі. Не­сие сомасы бағдарламаға сәйкес жү­зеге асыры­лып отырған пайыздық мөл­шерін субсидиялау мен кепілдендіру 3 млрд. теңгеден аспауы қа­жет. Кепілдік мөлшері несие сома­сының 50%-ынан жоғары болмауы тиіс. Кепілдік берілетін несиенің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы керек. Айналым қара­жатын қаржы­лан­дыру негізгі құрал­дарды сатып алуға немесе жаңғыр­туға арналған несие шеңберінде жүзеге асырыла­тын, бірақ несие сомасының 20%-нан аспайтын жағ­дайларды қоспа­ған­да, айналым қаражатын толық­ты­руға берілетін несиелер бойынша кепілдік берілмейді. Кепілдендіріл­ген несиелер бойынша банктік сыйақы мөлшері 14 %-дан жоғары болмауы міндетті. Жобалар өндірістік құрылым­дарды жаңғыртуға және өндірістерді кеңей­туге бағытталған, жетіспейтін өнді­ріс­тік инфрақұрылымды дамы­туға арнал­ған жеке жобалар үшін, сондай-ақ өн­діріс алаңдарын ұйым­дастыру шең­бе­рінде жүзеге асыры­лады. Бөлінген қара­жат автокөлік жол­дарын, су және жы­лу­мен жаб­дық­­тау, кәріз, газбен жабдықтау, элек­тр желілерінің, элекр тарату және жылу электр стансаларының, телефон обьектілерін, темір жол тұйықтары­ның құрылысын қайта жаңартуға бағыт­та­луы мүмкін. Ал кәсіпкерлер бағдар­ла­ма­ға қатысу үшін өз өңір­леріндегі кә­сіп­керлік және өнеркәсіп басқарма­лары­на жүгіне алады. Бекітілген шарт­тар­ға сәйкес жобаны қаржыландыру шешімі мен іріктеуді екінші дең­гей­дегі банктер дербес қабыл­дай­ды. Ал субсидиялау мүм­кіндігі бой­ынша кепілдендіру немесе бағ­дар­ламаның 1 және 3 – бағыттары мемлекеттік қолдаудың ша­ра­ла­рын, 2 – бағыт бойынша Эконо­ми­каны жаңғырту мәселелері жө­нін­дегі мемлекеттік комиссия жанын­да­ғы жұмыс тобы және әкім­діктер жа­нындағы өңірлік үйлестіру ке­ңе­сі шешім шығарады. Шешім қа­былдаудың ашық­тығын қам­та­ма­сыз ету мақса­тымен жұмыс тобы құрамына Мәжі­ліс, Қазақстан қар­жы қауымдастығы, “Атамекен” ода­ғы, Қазақстан кәсіп­кер­лерінің фо­румы, Сауда-өнеркәсіп па­латасы және мемлекеттік орган­дар­дың өкіл­дері енгендігін атап өткім келеді. – Бағдарламаны жүзеге асы­руда туындаған мәселелер бар ма? Болса оларды шешу бары­сында бизнестің ой-пікірі ескеріле ме? – Қиындықсыз жұмыс жоқ. Биылғы бағдарлама қанатқақты жоба екендігін ескерген абзал. Алайда бизнеспен жүргізілген белсенді үнқаты­сулар “тар орындар­ды” уақытылы айқындауға және проб­лемалық мәселелер бойынша нақты шешімдерді шапшаң әзір­леу­ге мүмкіндік береді. Жүзеге асыру барысы да түрлі сұхбат алаң­да­рында талқыла­нып, шарт­тар­ды жетілдіру бойынша өзге­рістер, оны жүзеге асыру тетіктері мен талап­тары енгізілді. – Бағдарламаның алдағы жыл­да­ры іске асу келешегі қандай бол­мақ? – Ағымдағы жыл бағдарлама­ны іске асыру тәжірибесі шағын және орта бизнесті қолдауға кешенді тәсілдер қажеттігін көрсетіп берді. Сонымен қатар жаңадан ашылған және жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындарға қаржылық емес қолдау көрсетуге қажетті мүмкін­дікті де көрсетті. Соңғы БҮК мә­жі­лісінде кәсіпкерлік-бірлестіктің ұсыныс­тарын есепке ала отырып, “Кәсіп­кер­лік әлеуетін күшейту” қосымша­сының жаңа 4 бағыты мақұлданды. Ол ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қорғауға, қолданыс­та­ғы бизнесті сервистік қолдау, ша­ғын және орта бизнестің топ-менеджментін оқы­туға, іскерлік бай­ланыс жобасы, техникалық және еңбек қызметін көрсету ма­ман­дарын даярлауға көмектеспек. Қазіргі таңда министрлік қабыл­данған шешімдерді ескере отырып “Бизнестің жол картасы–2020” бағ­дарламасына тиісті өзгертулер мен толықтырулар әзірлеуде. Бағ­дар­ламаны іске асыруға 2011 жылы жаңа бағыт­тарды ескеріп рес­­публикалық бюд­жеттен 63,3 млрд. теңге көзделіп отыр. Сон­дай-ақ шағын және орта бизнесті несиелеу қорының базасын кеңей­ту және оны ұзақ мерзімді қаржы­ландыруды қамтамасыз ету мақ­сатында “Даму” қоры үшін 500 млн. АҚШ доллары болатын сомада Үкіметтің кепілдемесімен Азия Даму банкінен қарыз тарты­луда. Бұл ретте кәсіпкерлерге бірінші транш бойынша 150 млн. АҚШ доллары көле­міндегі несиелер екінші деңгейлі банктер ар­қы­лы теңгемен берілетін болады. Қорыта айтқанда, алға қойып отырған мақсаттарымыз мемлекеттегі шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа жүйелік деңгейіне шығуға және Елбасының үдемелі индустрияландыру бағдарлама­сы­на орай алға қойған міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп ойлайын. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ.