• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2010

Ынтымақтастықтың кең ауқымы

438 рет
көрсетілді

8 желтоқсанда Ақордада Мем­лекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Ресей Федерал­дық Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Ми­роновты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің баспа­сөз қызметі. Әңгімелесу барысында екі­жақ­ты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. – Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевпен әңгімелесу ба­ры­сында біздің елдеріміз ара­сын­дағы екіжақты қарым-қаты­нас­тардың әр­түрлі мәселелері бой­ынша пікір алмастық. Біз сон­дай-ақ ТМД аума­ғындағы бір­ыңғай экономикалық кеңіс­тік­ті құру мәселесін талқы­ла­дық. Нұр­сұл­тан Әбішұлы Аста­на­дағы ЕҚЫҰ-ның саммиті кезінде Қа­зақстан тара­пы­нан атқарылған жұмыстар туралы айтты. Сіз­дер­дің елдің күш-жігерінің арқа­сын­да өткен саммит Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымын жаңа өмірге бастады. Мен Президентті жоғары дең­гейдегі осы кез­десудің табысты өтуімен құттық­тадым. Сонымен қатар мен Нұр­сұлтан Назарбаевпен шын мәнінде өзінің архитектуралық әсемдігімен сүй­сінтетін елорда – Астана туралы өз әсерімді бөлістім, – деп атап өтті С.Миронов. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.