• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2010

Жастар Елбасымен бірге

528 рет
көрсетілді

Елімізде болып жатқан оң өзгерістер, ЕҚЫҰ Саммитінің жоғары деңгейде табысты өтуі, Гуаньчжоу қаласында өткен Азиялық ойындарда спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуі еліміз жастарына тың серпін беріп, олардың еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына деген толық қолдауларын білдіруіне себеп болды. 8 желтоқсанда Астанада «Нұр Отан» ХДП «Жеңісім – ел үшін» жастар форумына 5 мыңға жуық тәуел­сіз­діктің алғашқы қарлығаштарын жи­на­ды. Студенттерді, спортшыларды, өнер­­­паздар мен еңбекші жастарды ел­ор­дамызда өткен аса мәртебелі жиын ЕҚЫҰ Саммиті дәлелдегендей, бүкіл әлемді өзіне қаратып, абыройы тасып, мәртебесі асқақтаған тәуелсіз еліне, Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ризашылық сезімдер біріктірді. Форумға қатысушылар Қазақстан­ның гүлденуіне, дамуына өз үлестерін қос­пақ, ал бүгінгі және болашақ жетіс­тік­терін тек туған еліне және оның Көш­басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ар­найды. Өйт­кені, ол тәуелсіз Қазақ­стан­ның негізін қалап, барлық қа­зақ­стандықтардың қа­зіргі және келешек жарқын өзге­рістерінің жаршысына айналды. Жастарға сөзін арнаған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші ор­ын­басары Нұрлан Нығматулин: «Бұл барлық қазақстандықтар үшін, барлық халқымыз үшін үлкен мәртебе, үлкен мерей. Бұл – Президентіміз, партия­мыз­дың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық жоғары бе­делінің, салиқалы саясатының тағы бір көрсеткіші. Сондықтан, бәріміз әр­қа­­шанда елімізді осындай үлкен абы­рой­ға жеткізген Елбасымен бірге бар­лық мақсаттарға жетеміз деп білеміз. Осы жолда, әсіресе, сіздер, еліміздің жас­тары жетекші күш болады деп сенеміз», – деді. Қазірдің өзінде мыңдаған жас тә­уел­сіз елінің ертеңі жолында еңбек ету­де. 9 мыңнан астам жас маман «Дип­ломмен – ауылға» бағдарламасы бо­йынша туған ауылын көркейтуге ат­са­лысып жатса, тағы бір тобы «Ау­ыл­дың гүлденуі – Қазақстанның гүл­де­нуі» акциясына қатысып, ағаш егіп, құ­­рылыс салып, мектептер мен бала-бақ­шалар тұрғызуға белсене араласты. Тек тараздық «Жасыл ел» еңбек­кер­ле­рінің күшімен 65 балалардың ойын-сауық алаңы салынған. Ал енді бірі елім үшін деген арманын арқалап, білім нәрімен сусындауда. Жастар форумына қатысқандар өз сөз­дерінде «Біздің жетістіктеріміз қа­жырлы еңбек пен мақсатқа жетуге деген құштарлықтың нәтижесі. Он­дай қа­сиетті біз Елбасымыз Нұр­сұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтан үй­реніп жүр­міз. Сондықтан әрбір табы­сымызды өз Отанымыз – Қазақ­станға, хал­қы­мызға және Елба­сы­мызға арнаймыз», деді. Ал форумның шешуші кезеңінде жастар Президентіміз Нұрсұлтан На­зар­баевтың саясатына деген толық қол­дауларын білдірген және барлық аза­маттарды Елбасымен бірге жаңа биікке ұмтылуға шақырған үндеу қа­былдады.