• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Желтоқсан, 2010

Басқа басылымдардан

378 рет
көрсетілді

ҚАУІПСІЗ ӘЛЕМ ОРНАТУҒА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ Қол жеткізілген мәселелерге қа­ра­мастан, ЕҚЫҰ-ға мүше ел­дер әлі де жаһандақ қауіп­сіз­дікке төнетін қатер­лер­мен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жө­нінде Ұйымның Астана Саммитінде қабылданған Декларацияда көр­сетіл­ген. ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдің әрқай­сысы Ванкуверден Владивастокқа де­йінгі кеңістікте қауіпсіздіктің қам­тамасыз етілуіне бірдей мүдделі. Астана Декларациясында, сондай-ақ бірде-бір мемлекет өзге елдің ішкі ісіне нұқсан келтіру есебінен өзінің  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құ­қығы жоқ екендігі аталған. Жоғары деңгейде өткен Саммит Ұйым кеңіс­тігіндегі жанжалдарды келіссөздер жүргізу арқылы бейбіт жолмен шешу қажеттігіне шақырады. * * * ЕҚЫҰ-ның Ас­тана Саммиті қо­рытынды құжат – Астана Деклара­циясының қабыл­дануымен та­быс­ты аяқталды, деп мәлімдеді Қазақтан Республи­ка­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назар­баев. «Он бір жылда алғаш рет Дек­ларация қабылданды, деді Нұрсұл­тан Назарбаев. Бұл оқиға біздің Ұйымның болашағы бар, өміршең екендігін көрсетеді. Бұл біздің ортақ тарихи табысымыз болып табылады. Астана Декларациясы еуроатланти­ка­лық және еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті қалыптастыруға серпін беретініне сенемін», деді Қазақстан басшысы. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­ағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ас­тана Декларациясы Ұйымға қаты­сушы  елдердің өз қағидаттары мен міндеттемелеріне берік екендіктерін тағы дәлелдеді, деп мәлімдеді. Қо­рытынды құжатты қабылдау ұзаққа созылды. Нәтижесінде барлығы да оң шешілді. * * * Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан На­зар­баев­тың мәлімдеуі бойынша, ЕҚЫҰ Сам­митінің алдына қойылған барлық міндеттерге қол жеткізілді. Осы екі күн Ұйымға қатысушы елдердің басшы­лары және делегация жетекшілері үшін аса қауырт, әрі қызықты болды. Саммит қорытындысында Астана Декларациясы қабылданды. «Бұл жоғары форум тарихқа қол жеткізген табыстарымен енеді. Саммит Ұйым үшін ғана емес, барлық геосаяси жүйе үшін кезеңді жағдай болды», деді Қазақстан басшысы. Саммитте, әсіресе, ұзаққа созыл­ған жанжалдарға қатысты мәселе­лерді талқылау аса ауыр болды. Де­ген­мен, консенсустық жағдайға қол жеткізілді.  Сонымен бірге, Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Ау­ғанстанды саяси жағынан тұрақ­тандыру жайына да ерекше назар аударды. Италияның Премьер-ми­нистрі Сильвио Берлускони Астана­дағы жиын аса табысты болғанын атап өтті. * * * 2010 жылдың 2 желтоқсанында 11 жылғы үзіліс­тен кейін ЕҚЫҰ-ның Саммиті Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың сөз сөйлеуімен аяқтал­ды. Қазақстан басшысы өз сөзінде қабылданған Астана Декларациясы Ұйым кеңістігінде қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге негізделген сенім мен ашықтықты тағы да дәлелдегенін атап өтті. Литва Республикасының Прези­денті Даля Грибаускайте өз сөзінде 2011 жылы Литва ЕҚЫҰ-ға төраға­лық ететінін айта келіп, қазіргі төр­аға Қазақстанның қолға алған іс-ша­ра­ларын әрі қарай жалғастыратынын ортаға салды. Ал Астана Деклара­циясы Ұйымның болашақтағы төр­аға­ларының жетекшілік етуімен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге ша­қыра­ды. Астана Саммиті Ұйымға қаты­сушы 56 мемлекет басшыларының, сондай-ақ 12 әріптес елдің, халық­аралық және өңірлік ұйымдар же­тек­шілерінің басын қосты. Бұл жиын 1999 жылғы Ыстамбұл саммитінен кейінгі жоғары деңгейде өткен Форум  болып табылады.