• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

1011 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының 2020 жыл­ға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ту­ралы» Қазақстан Республикасы Прези­де­нті­нің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жар­лы­ғын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Рес­пуб­ликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асы­ру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзір­лесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін; 2) жарты жылдың қорытындылары бой­ынша 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­шілігіне Бағдарламаның орындалу ба­рысы туралы ақпарат берсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағ­дар­ла­ма­­ны іске асыру жөнінде шаралар қабыл­дасын. 4. «Қазақстан Республикасында техни­ка­лық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі №626 Жарлығының (Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 7-сі.      №1118. Толығымен: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы