• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2010

Балам балабақшаға орналасты

468 рет
көрсетілді

Еліміздің жарқын болаша­ғын ілгері жетелейтін біздің бүлдіршіндеріміз. Сол бүлдір­шін­деріміздің саналы да сапалы білім мен тәрбие меңгеруіне жа­салып жатқан зор мүмкін­діктер тәуелсіз еліміздің арқасы. Күні бүгінге дейінгі бала­ла­ры­мызды балабақшаға орна­лас­тыру мәселесі қиын болып келіп еді. Қазіргі таңда бұл мә­селе ата-аналардың қуанышына орай шешімін тауып отыр. Қа­ла­мызда жаңа балабақшалар ашы­­лып, ба­ла­ларымыздың қа­был­дануы жа­йын­дағы құжат­тар­ға қол қойдық. Мен ұлымды 4-ші шағын аудан­дағы №7-ші «Шуақ-Жай» бала­бақшасына орналастырдым. Балабақша ғима­ра­ты әдемі. Кіреберістен бастап, балаларға ар­нал­ған барлық бөлме­лер ішіндегі заттар көз жауын ала­ды. Безендірілуі де бө­лек. Мұнтаз­дай  тап-таза терезелерінен күн шуағы жар­қырап түсіп тұр. Ол ұл мен қыздың жанына жы­­лылық, жай­лылық сый­­­­­­лайды. Тәр­бие­ші­лер де жы­лы шырайлы жандар. Ұлымды осы балабақшаға орналастырғаныма іштей қуа­на­мын. Осындай жақсы жағдайға кенелу елдігіміздің берген бақыты мен бағы деп білемін. Жадыра ӨМІРХАНОВА, ана. Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы.