• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2010

Президенттік олимпиада жеңімпаздары анықталды

662 рет
көрсетілді

Үш жылдан бері Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың тікелей тап­сырмасымен математика, физика, хи­мия, биология пәндерінен өтіп келе жатқан Президенттік олим­пиаданың биылғы қорытындысы шығарылды. Оның салтанатты рәсімі елордадағы «Назарбаев уни­верситетінде» болды. Бұл білім сайысында бірінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар «Болашақ» халықаралық стипен­дия­сын, ал екінші, үшінші орын­ды иеленгендер жоғары оқу орын­дарына түсу кезінде білім беру гранттарын тағайындағанда басым құқықтарға ие болады. Биылғы олимпиадаға 127 үміт­кер қатысып, олардың арасы­нан 13-і жеңімпаз деп танылды. Айталық, бірінші дәрежелі дип­лом және алтын медальмен математика және химия пәнінен астаналық Рауан Рахмет пен Мирас Бекбергенов, физикадан жамбылдық Жаслан Барайсов, биологиядан солтүстікқазақстандық Жасұлан Шайхығали жүзден жүйрік шығып, биік межеден көрінді. Осы бір игілікті шараны Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып келеді. Сүлеймен МӘМЕТ.