• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

«Шапағаттың» шапағаты

529 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында азық-түлік, көкөніс өнімдерін арзан бағамен саудалайтын  дүкен­нің ашылуы ардагерлер мен зейнеткерлерге, табысы төмендеу от­басыларына  тиімді болды. Бұл әлеу­меттік  деген атау алған об­лыс орталығында ашылған онын­шы дүкен болып отыр. Қала тұрғындарының  күн­де­лік­­ті тіршілігіне қажетті азық-тү­лік өнім­дерін  делдалдарсыз арзан ба­ға­мен сату жөнінде әрі ба­ға­ның өсуіне тосқауыл қою мақ­са­тын­да­ғы бұл шаралар облыс әкімі Ба­қытжан Сағынтаевтың тап­­сыр­масымен жү­зе­­ге асуда. Әлеу­меттік дүкен­дер­дегі барлық өнімдер тікелей өнді­ру­ші­лердің өздерінен әке­лі­неді. Өнім­де­ріне үс­теме баға қо­сып сатпайтын кә­сіпкерлеге де жеңілдік жасалған.Яғни, басқа сауда орындарымен са­лыстырғанда ба­­ғалары 15 па­йыз­ға төмен. Бір бөл­ке нан – 40 тең­ге тұ­рады. Ал, азық-түлік, көк­өніс өнім­­де­рінің мұнда түр-түрі бар. Бұл дүкендерде бағаның өс­пеуі үнемі бақылауда. Атына заты сай ашылған дүкенге келушілер көп. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.