• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы №367-IV

408 рет
көрсетілді

«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы 1-бап. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 4-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сот приставтарының бөлімшеле­рін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, аста­на­дағы және республикалық маңызы бар қа­лалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұ­дан әрі – аумақтық бөлімшелер) (сот­тар­дың кеңселерінде) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйым­дастырушылық және материалдық-тех­никалық қамтамасыз ету жөніндегі уә­кі­летті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уә­кілетті орган) құрады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бө­лім­шелерде сот приставтарының қыз­ме­ті­не ұйымдастырушылық және әдісте­мелік бас­шылықты уәкілетті орган және оның ау­мақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Аумақтық бөлімшелерде сот при­став­тарын тиісті аумақтық бөлім­шелердің басшылары қызметке тағайын­дайды және қызметтен босатады.»; екінші бөліктегі «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөз­дер «уәкілетті органның бас­шысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «тиісінше», «және Қа­зақ­стан Республикасы Жоғарғы Сотының Төр­ағасы» деген сөздер алып тасталсын; 2) 8-бапта: 5-тармақтың бірінші бөлігінде: «аумақтық бөлімнің басшысына ха­бар­лауға міндетті, аумақтық бөлім бас­шы­сы осындай жағдайлар жөнінде» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыс­тырылсын; «органның» деген сөз «бөлімшенің» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының» деген сөздер «уәкі­лет­ті органның» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 6-тармақтағы «тиісінше», «және Қа­зақ­стан Республикасының Жоғарғы Со­тына» деген сөздер алып тасталсын; 3) 12-бап мынадай редакцияда жа­зылсын: «12-бап. Сот приставтарының қыз­метін бақылау Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлім­ше­лерде сот приставтарының қызметін ба­қылауды уәкілетті орган және оның ау­мақтық бөлімшелері жүзеге асырады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жария­ланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан  Республикасының  Президенті   Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсан 27-сі №367-IV ҚРЗ