• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Ассамблея сайлайтын кандидаттар тіркелді

271 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы кешегі отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты тіркеді және олар үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстардың мөлшерін белгіледі. «Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы сайлау туралы» Қазақ­стан Республикасы Консти­туциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республи­касы Орталық сайлау комис­сиясы 2016 жылғы 2 наурыз­да Қазақстан халқы Ассамблея­сы ұсынған Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты мы­надай құрамда тіркеді: Абдрах­манов Сауытбек Абдрах­ман­ұлы, Божко Владимир Кар­пович, Жұмаділдаева Наталья Ва­сильев­на, Ким Роман Ухе­нович, Микаелян Наринэ Гам­ле­товна, Мурадов Ахмед Сейдарах­манович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгениевич және Хахазов Шакир Хусайнович. ОСК хатшысы Бақыт Мел­дешовтың айтуынша, тіркел­ген кандидаттардың ҚР Конс­­ти­ту- циясы мен «Сайлау ту­ра­лы» Заңына сәйкестігі анық­тал­­ған. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурадан қажетті құ­жаттар түскен. Оларға кандидат ретінде тіркелген куәліктер тапсырылды. Орталық сайлау комиссия­с­ы, сондай-ақ, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парла­менті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан қаржы­ла­ндырылатын үгіт жұмысына шығыстарының мөлшерлерін де белгіледі. Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес кандидатқа сайлау алдындағы бағдарламасымен теледидардан сөз сөйлеуіне – 139000 теңге, бағдарламасымен радиодан сөз сөйлеуіне – 82000 теңге, баспа басылымдарында екі мақаласын жариялауына – 178000 теңге, сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайды жалдауға – 33000 теңге, үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға – 66000 теңге, көліктік шығыстарына – 132000 теңге бөлінетін болады. Отырыс аяқталған соң семинар-кеңес болды. Онда Ортсайлауком мүшесі Татьяна Охлопкова, ОСК аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттар сайлау науқанын жүргізуді ұйымдастыру, құқықтық және қаржы мәселелерін талқылады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.