шөлмек жалған спирттік ішімдік бульдозермен тапталды
Алматыда тағы да жалған спирттік ішімдіктер жасап сатқан алаяқ топ ұсталды. Олар шетелдік виски ішімдігімен қоса қымбат темекі өнімдерін ешбір рұқсат құжатынсыз «Қазақстанда жасап» келіпті. Қала бойынша 5 цех күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеп, өнімдерін сауда орындарына үзіліссіз жеткізіп тұрған. Спирт өнімдерінің сапасы тиісті орындар тарапынан жыл бойы жасырын түрде қадағаланғаны да бүгін белгілі болды.
Сарапшылар бұл күмәнді ішімдіктердің адам ағзасына аса қауіпті екенін анықтап шықты. Сондықтан да жасырын цехтардан алынған барлығы 20 мың күмәнді шөлмек қала сыртындағы күл-қоқыс тастайтын аумаққа апарылып, шынжыр табанды трактормен түк қалдырмай тапталды.
Ең қызығы, жасырын цех иелері небәрі 2 миллион теңге айыппұл төлеп құтылды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.