• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Күй дүлдүлдері

618 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында қатарынан екі күн «Қос ішек» атты дәстүрлі күй сайысы өтті. Ұлттық жоба Маңғыстау күйшілік мектебінің белді өкілі, бірнеше хрестоматиялық еңбектердің авторы, универ­ситет ұстазы Жұмабек Қадыр­құловтың жетекшілігімен ұйым­дастырылды. Қасиетті қара домбыраның рухын асқақтатқан жас домбырашылар орындауында сирек орындалатын тарихи күйлер ұсынылды. Университет профессоры, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Орынбай Дүйсеннің қазылар алқасына төрағалық етуімен жастардың күйшілік өнеріне шынайы баға берілді. Қазақ ұлттық өнер университеті, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория, П.И.Чайковский атындағы музыка колледжінің жас дәулескерлері екі турдың өне бойында төкпе және шертпе күйлерді қатар толғап, бәйге көрігін қыздырды. Бакалавр бойынша бас бәйгені музыкалық білім орда­сының қара шаңырағы – кон­серваторияның намысын қор­ғап келген виртуо­з күйші Таңат Сәденов (ұстазы профессор К.Сахарбаева) қан­жығасына бөктерді. Колледж­аралық сайыста Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті – Дарын Құдайбергенов (ұс­тазы аға оқы­тушы Ақбота Тұрым­бетова) топ жарды. Жүл­делі орындарды Алматы мен Астананың күйшілері шеберлік­теріне қарай тең бөлісті. Жеңім­паздар Қазақ радиосының «Шал­қар» бағдарламасына қаты­сып, тікелей эфирден күй тартты. Байқауға Алматыдан атақты күйші Қаршыға Ахмедия­ров­тың шәкірті – Салтанат Құдайбергенова келді. Жобаның демеушісі – белгілі меценат, өнер жанашыры Самат Мұсабаев. «Егемен-ақпарат».