• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Футболдан Қазақстан Суперкубогында өзбек төрешісі қазылық етеді

299 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 наурыз. Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін болатын матчқа өзбек төрешісі Равшан Ирматов қазылық етеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты – kff.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Швейцарияның Цюрих қаласында өткен ФИФА-ның кезектен тыс конгресі кезінде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Өзбекстан футбол федерациясының бас хатшысы Сардор Рахматуллаев кездескен болатын. Келіссөздер барысында қос тарап жобаларды іске асыру үшін серіктестікті нығайту мәселесін сөз етті. Нәтижесінде 8 наурыз күні Астанада өтетін Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін кездесуге танымал төреші Равшан Ирматов қазылық жасайтын болды. Сонымен қатар, өзбек маманы Астанада жас төрешілерге арналған семинар өткізіп, өз тәжірибесімен бөліседі деп жоспарлануда. Равшан Ирматов 2010 және 2014 жылғы өткен Әлем чемпионатында, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында, Азия Кубогында және клубтар арасындағы Әлем чемпионатында қазылық жасаған ФИФА-ның ең тәжірибелі және білікті төрешілерінің бірі. Сондай-ақ, ол 2015 жылы әлемнің ең үздік төрешісі атанды. Айта кетейік, биыл Қазақстан Суперкубогын «Астана» мен Алматының «Қайраты» сарапқа салады. «Астана Арена» стадионында өтетін сағат 15:00-де басталады. Еламан Қоңыр. Дерек: kff.kz. Сурет: nuz.uz.