• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2016

Сайлау технологиясы сөз болды

386 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия (СБРҚК) «Қазіргі сайлау технологиялары: әлемдік тәжірибе және қазақстандық мәнмәтін» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуға СБРҚК мүшелері, Астана қалалық сайлау комиссиясының, азаматтық сектордың өкілдері және сарапшылар қатысты. Жиынды ашқан СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов алдағы сайлау науқанының маңыздылығына кеңінен тоқтала келіп, бұл жауап­ты кезеңде байқаушыларға үл­кен жауапкершілік артылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол бай­қаушылардың сайлауды ұйым­дастыру ісіндегі әлемдік және қазақстандық тәжірибелерден өз деңгейінде хабардар болуының маңызды екеніне назар аударды. Бұдан кейін Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­­верситетінің доценті, саясаттану бойынша PhD доктор Индира Рыстина «Саяси партиялардың сайлау технологиялары: әлемдік және қазақстандық тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында кешегі және қазіргі сайлау технологиялары жөнінде мағлұмат бере отырып, сайлаудағы әлемдік және қазақстандық тәжірибелердің даму кезеңдерін атап көрсетті. Өз кезегінде Астана қаласы сайлау комиссиясының хатшысы Вера Пытьева «Астанада сайлау үдерісін ұйымдастыру» жөнінде хабарлама жасады. Оның сөзіне қарағанда, елордада аталған сайлау науқанын лайықты деңгейде өткізу үшін нақ­ты жұмыстар қолға алынған. Осы орайдағы әрбір шара жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Со­нымен қатар, жиында СБР­ҚК штабының мүшесі Арман Еш­­мұ­ра­тов сайлау үдерісіндегі байқау­шының рөлі тақырыбында сөз қоз­ғады. Сондай-ақ, дөңгелек үстел басында қатысушылар сайлау ал­дындағы жағдайды талдау, қажетті мәліметтерді жинау, сайлау нау­қанын ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде әңгіме өрбітті. Бұдан бөлек, олар алдағы сайлау науқанының ашық және таза ұйымдастырылуына барлық жағдай жасалып отырғанын айта келіп, қоғамдық байқау институтын одан әрі жетілдірудің және нығайтудың қажеттілігіне мән берді.  Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.