• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2011

Ғарыш саласының дамуы ел дамуының белгісі

1081 рет
көрсетілді

Межелер мен міндеттер

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Ұлт­тық ғарыш агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Онда негізгі баяндаманы аталған агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев жасады. Өз баяндамасын ведомство бас­шысы 2010 жылы атқарылған жұ­мыс­тар жөнінде бастап, алдағы жыл­дары атқарылуы тиіс шаруалар жайынан да мағлұматтар берді. «Бәйтерек» ға­рыш­тық кешенін іске қосу мерзімі 2015 жылға қайта шегерілген. Бұған себеп Ресей жағы «Ангара» атты зымыран ұшырғышты ұшыру сы­нақ­тарын 2013 жылға ауыстырып жат­қан­дықтан бо­лып отыр. Осы ретте агенттік төрағасы алқа мәжілісіне қатысып отырған Үкімет басшысынан аталған жо­баны қаржыландыру жұмыстарын жалғас­тыруды сұрады. Осыдан кейін Т. Мұ­сабаев «KazSat-2» жер серігін, бұй­ыртса, биылғы жылдың науры­зын­да көкке көтеруді жоспарлап отырған­да­рын да айтты. Атал­ған спутникті іске қосу кезінде оның басқару аппа­ра­турасында бірқатар ақаулар анық­тал­ған. Қазіргі таңда осы кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық ғарыш агенттігі үдемелі индустриялық-инновациялық да­му­­дың мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде 2010-2014 жылдарға ар­налған стра­те­гиялық жоспар негізінде саланы да­мытудың төрт стра­тегиялық бағыты бой­ынша жұмыс жасамақ. Атап айт­қанда, олардың қатарында мақсат­ты ғарыштық жүйе­ құру, технологиялар мен оларды қолдану, сондай-ақ «Бай­қоңыр» кешенін дамыту мен ға­рыш­тық аппараттар өндірістерін құру секілді жұ­мыстар бар. Сонымен қатар, ғарыш жұмыстарының ғылыми және тә­жірибелік-эксперименттік базасын да­мыту да осы жоспар аясында жү­зеге аспақ. 2010 жылы «Республикалық ға­рыштық байланыс орталығы» АҚ Ре­сейдің М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғылыми-өндірістік ор­та­лы­ғымен «KazSat-2» спутнигіне байла­нысты бірқатар жұмыстар ат­қарған. Жоғарыда айтқанымыздай, оны ұшыру жоспары алдағы көк­темге белгіленген. Бұған қоса қа­зіргі таңда осы се­рия­дағы үшінші спутникті ұшыру үшін халықаралық тендерге қатысу да жос­парланған. Бүгіндері тендерге Франция, Германия, Жапония, Ресей, АҚШ, Израиль және Үндістан секілді мемлекеттер қатысуда. Ғарыштық саладағы байланыс тө­ңірегіндегі әңгіме қозғағанда, ол­ар­дың өзге елдермен әріптестік бай­ла­ныс­тарының маңыздылығын да айта кеткен ләзім. Бұл тұрғыда Ұлт­тық ғарыш агенттігі бұған үлкен ден қой­ған. Халықаралық қызметтестікті ны­ғайту мақсатында өткен жылы Франция, Ресей, Израиль, Германия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Украина секілді мем­лекеттердің ға­рыш­тық аг­енттіктері және компания­лар­ымен бір­қатар құжаттарға қол қой­ылған. Ғарыш­тық кеңістікті бейбіт мақ­сатта зерттеу және пайдалану жай­ында Жа­по­нияның аэроғарыш­тық зерт­теу аг­ент­тігі мен Герма­нияның аэ­роғарыш орталығы және Кореяның аэро­ға­рыш­тық зерттеу институт­та­ры­мен әр­іптестік келісімдерге де қол қойылған. Ғарыш саласы үшін отандық кадр­ларды дайындау да агенттіктің алға қойған мақсаттарының бірі бо­лып табылады. Салаға мамандарды дай­ын­дау тұрғысында дайындық жұ­мыс­тары басталған. Республикамыз­дың база­лық жоғары оқу орын­да­рында «Ға­рыш­тық техника және технология» ма­мандығы бойынша мамандар дай­ын­дау қарас­тырылған. Олар­дың қата­рында Л.Н.Гу­­милев атын­дағы Еуразия Ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И. Сәт­­ба­ев атындағы Қазақ ұлттық тех­ни­калық университеті, Алматы энер­ге­ти­ка және бай­ланыс университеті, сон­дай-ақ Аза­мат­тық авиация ака­де­мия­лары тұр. Мамандарды ғарыш саласында дай­­ындау алыс және жақын шет мемлекеттерде де жалғасуда. Қазіргі кезде «Бо­лашақ» бағдарламасымен 58 стипендиат Ресей, Ирландия, Малайзия, Ұлы­британия, АҚШ және Канада секілді елдерде 9 мамандық түрінен білім алуда. Сондай-ақ мемлекеттік тап­сырыс шеңберінде Бай­қоңыр қала­сын­дағы Мәс­кеу авиа­ция­лық институты филиа­лында 101 қа­зақстандық студент маман­дыққа машықтануда. Ғарыш саласындағы мамандарға ар­налған 16 оқу семинарлары мен олар­дың біліктіліктерін арттыру үшін де біршама ауқымды шаралар өт­кі­зілген. Бұл осы саланың елімізде да­муына қосылып жатқан үлес екені белгілі. 2010 жылда атқарылған жұмыс­тар­ды саралай келген Ұлттық ғарыш аг­енттігінің төрағасы Талғат Мұса­ба­ев еліміз үшін заманауи ғарыш са­ласы ұлт­тық намыстың үлгісі ғана емес, жоғары сапалы шынайы өмір мен ұлттық ре­сурстың алға басуын көрсетеді, деді. Алқа мәжілісін қорытындылаған Үкі­мет басшысы Кәрім Мәсімов соңғы үш жылда әлем дағдарыстың зарда­бымен күресумен болғанын, со­ған қа­рамастан, мемлекеттің ғарыш сала­сы­мен байланысты бағдарла­ма­лар­ды назардан тыс қалдырмағанын айта келе, алдағы уақытта ел эко­номикасының оңа­луына қарай біз са­лаға бұрынғыдан да көп көңіл бө­леміз деген ойдамын,  деді. Сондай-ақ ол ең болмағанда біз басым бағыттағы бағдарламаларды қар­­жы­ландыратын боламыз дегенді де ерекше атап көрсетті. Аталған басқосуда сонымен қатар Премьер-Министр агенттік өкілде­рі­не «KazSat-2» спутнигіне байла­ныс­ты жұ­мыстарды тездетіп аяқтауды тапсырды. Осы ретте К. Мәсімов «KazSat-1»-ге байланысты проблема үшін агенттіктің қазіргі басшыларын кінәламайтынын айтты. Әйтсе де біз оған кінәлі аза­мат­тарды табамыз, дей келе, әзірге «Kaz­Sat-1»-ге байла­ныс­ты басты мәселе оны сақтандыру үшін бөлінген қар­жы­ны қайтарып алу болып табылады, деді. Бұдан са­лық төлеушілер зардап шекпеуі тиіс дегенді де қаперге салды. Техника дегеніміз темір. Сондық­тан оның сынуы мен істен шығуы әбден мүмкін. Қайтсе де біз ең болмағанда оның сақтандыру құнын ала алатындай болуымыз қажет. Сол себепті де сақ­тандыру шараларының барынша жоға­ры деңгейде жүргі­зіл­гені дұрыс, деген Кәрім Қажы­м­қан­ұлы алқа отырысы ба­рысында Ұлт­тық ғарыш агенттігінің өткен жылы жақсы жетістіктерге қол жеткізгенін атап көрсетті. Алқа отырысына жиналған жұрт­шы­лық ғарыш кеңістігі жайында тү­сірілген арнайы фильмді тама­ша­ла­ды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.