• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2011

Болжау пайымдаудан басталады

517 рет
көрсетілді

Посткеңестік дамудың 20 жыл­дық кезеңіндегі  нәтижеле­рін пай­­ымдаудан өткізу  еліміз­дің одан әрі дамуын айқындап беретін игі шара болмақ. Осы мақ­сатта кеше Астана қаласында «Нұр Отан» ХДП баста­ма­сымен «Посткеңестік дамудың 20 жылдығы: нәтижелер мен жаңа үрдістер» тақырыбында  Еуразия сарапшыларының халықара­лық жиы­ны болып өтті Аталған жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығмату­лин, Парламент депутаттары, Қа­зақстан, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Израиль және Ук­раи­наның танымал ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Ха­лықаралық шара ТМД кеңіс­ті­гінде мұндай мәселені талқылау бойынша алғашқысы болып саналады. Міне, осы жиында сарапшылар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасына ерекше назар аударды. Өзінің құттықтау сөзінде Нұрлан Нығ­ма­тулин  ТМД сарапшылар қау­ым­дастығы Нұрсұлтан Назар­баев­тың аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі, интегра­циялық үдерістердегі айрықша рөлін айтумен қатар, референдумда қабылданған шешім тікелей халықтың қалауы болған­дықтан, ол өте жоғары заңдық күшке иелік етеді деп есептейтіндігімен бөлісті. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің Посткеңестік кеңіс­тік­тегі қоғамдық-саяси үдеріс­тер­ді зерделеу жөніндегі ақ­па­раттық-талдау орталығының ди­ректоры Алексей Власов өз сө­зінде ШЫҰ-ның, оның ішінде Қы­тай ықпалының арта түсіп отыр­ғанына ерекше ден қоя сөй­леді. Сарапшы пайымынша, Батыс пен Тынық мұхит аймағы елдері ара­сын­дағы байланыстар нығайып ке­леді. Соның бедерінде Қазақ­стан мен Ресейде мемлекет да­муы­ның негізі жа­сал­ғандықтан, осы екі елде бә­се­кеге қабілеттілік артуда. Бұл әлемдік рынокта өз орындарын табуға айтарлықтай үлес қо­са­тын болады. Қазақ­стан­ның 2020 жылға дейінгі даму жос­парын құрып алуы 2030 жылға дейінгі стратегияда белгіленген межелерге жетудің бір жолы болып отыр. Осы ретте шешен болашақ ұрпақты тәрбиелеу барысын мық­тап қолға алу қажеттігін алға тартты. Әзірбайжанда бірнеше басшы­ның ауысуымен тиісті шараларды жүзеге асыру мүмкін болма­ған­ды­ғын тілге тиек еткен Ресей-Әзір­байжан сараптау кеңесі бас дирек­торының орынбасары Исмаил Агакишиев Қазақстанды тұрақты түрде бір басшының басқаруы үл­кен жетістіктерге жол ашқанды­ғын ерекше айтып кетті. Қазақ­стан, Ресей және Әзірбайжан на­рықтық экономиканы қалыптас­ты­руға қол жеткізгенімен, әлі де посткеңестік экономикалық саясаттан алыс кете алмай отыр. Сондықтан өнімді өндіргенімен, оны әлемдік рынокқа шығару ба­рысы ақсап келеді. Осындай ты­ғырықтан құтылудың бір тетігі ретінде Сарапшылар қоғам­дас­тығын құруды ұсынған ғалым бір­лесе жұмыс істеудің арқа­сын­да нәтиже шығаруға боларын ортаға салды. Қазақстандық модельдің ұтым­­дылығының құпиясын ашып беруге тырысқан «Қоғамдық қор» қо­рының бас сарапшысы (Ресей) оның барлық тәуекелді Н.Назар­баевтың өз мойнына алуымен ұштасып жатқандығына назар аудартты. Оның үстіне халықтың басшысының айналасына жұмы­луға дайын болуы да өзіндік рөл атқарады. Егер ұсынылған реформалар халық тарапынан қол­дау тауып жатпаса, онда оның табысқа жетуі екіталай, деп са­найды сарапшы. Арада өткен 20 жыл Қазақстан Президентінің барлық бастамалары жүзеге асып жатқандығын көрсетіп берді. Ел тұрғындарынан 4 миллионнан астам қол жиналуы да олардың жұмылуға дайын екендіктерінен хабардар етеді. Жиынға қатысушылар, соны­мен қатар, мемлекет пен қоғам­ның тұрақты дамуын қамта­масыз етудегі үдерістер бары­сына, жаһандық экономиканың ықпалына,  ТМД-дағы жаңа ұр­пақтың ұлттық сәйкестілігін қалыптастыру жайына және өзге де көптеген мәселелерге бай­ланысты ойларын ортаға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ. Шетелдік сарапшылар не дейді?

Референдум – ең озық демократиялық құрал

Турат АКИМОВ, «Деньги & власть» іскерлік газетінің бас ре­дак­торы, Қыр­ғыз­стан: – Президент На­зар­­­баев­тың өкі­лет­ті­гін ұзар­туға байла­ныс­ты ре­ферендум өткізу ту­ралы қоғамдық бастама Қазақстанда алға жылжу мен жаңару жолын анық­таған жал­пы­мем­лекеттік саясатқа деген тү­сі­ніс­тіктің бар екенін білдіреді. Өткен жылдың маусым айында бізде, Қырғызстанда да жаңа конс­ти­ту­цияны қабылдау бойынша референдум өткізіліп, онда өтпелі кезең президенті Роза Отунбаеваның өкілеттігі бекітілді. Біз ол кезде референдумды жалпы ха­лықтың қалауын білудің тиімді тетігі ретінде таңдадық. Сон­дықтан қазіргі таң­да референдумнан ар­тық демо­кра­тия­лық құрал әлі табылған жоқ. Алексей ВЛАСОВ, М.В.Ломоносов атын­дағы ММУ Пост­­ке­ңес­тік кеңіс­тіктегі қоғам­дық-сая­­си үде­рістерді зер­­делеу жөніндегі ақ­­параттық-талдау орта­лы­ғы­ның директоры: – Өтпелі кезеңде маңызды саяси шешім қабылдауда референдум сияқ­­­ты демократиялық құрал ғана, әсі­ресе, аз уақыт бұрын тәуел­сіз­дікке ие болған жас мемлекеттер үшін ең тиімді тәсіл болып сана­лады. Ал президенттік өкілеттікті ұзарту мәселесі бо­йынша референдум өткізу бас­та­масы көтерілген Қазақстан жағ­дайына келетін бол­сақ, бұл толықтай қолданыстағы Конс­титуциямен, ең бастысы – ха­лықтың қалауымен сәйкес келеді. Исмаил АГАКИШИЕВ, Ресей-Әзірбайжан са­рап­тау кеңесі бас ди­рек­торының орын­ба­сары, Әзірбайжан: – Сіздердің мемлекетте тәуелсіздік ал­ған уақыттан бастап Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырып жатқан саяси және эконо­ми­калық реформа­лар­дың жан-жақты ой­ланылған әрі тиімді үлгісі Қазақ­станның одан әрі тұ­рақты да­муының негізі деуге болады. Сон­дықтан референдум өт­кізу – бұл, ең алдымен, жал­пы­ұлт­тық мақсат­тарға жету үшін бүкіл қоғамның өз Көш­бас­шысының ай­наласына бірігіп, оған тұрақ­ты­лық­тың кепілі ретінде қолдау көрсетуі болып есептеледі. Захар ВИНОГРАДОВ, «Новости» РАА-ның Украинадағы өкіл­ді­гі­нің басшысы, Украина: – Бүгінгі күні Қа­зақстан халқы тағы да Тұңғыш Пре­зиден­ті­нің идеясы аясында топ­тасып, ал­дағы уақыттағы тағ­дыр­ларын да се­ніп тапсыру тілегін жеткізді. Өйт­кені, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан­ды жаңа онжылдықта да­мы­ту­дың айқын әрі жүзеге асы­ры­латын стра­тегиясын ұсынып отыр. Себебі, Украина мем­лекетінің ал­дын­да әлі күнге дейін жаңа қо­ғам­дық-саяси жағдайда біріктіретін иде­оло­гия­лық және құн­ды ба­ғыт­тарды анық­тау мәселесі тұр. Осы жа­ғынан ал­ған­да, Қа­зақстанның тә­жірибесі Украи­наға да саяси тұ­рақ­тылық формуласын табу үшін өте ма­ңыз­ды болмақ. Андрей МЕДВЕДЕВ, «Политконтакт» саяси технологиялар ор­­­­та­лығының ат­қарушы директоры, Ресей: – Референдум өт­кіз­­беу мүмкін емес. Ақиқатына жү­гінсек, «төмен­нен» басталып отыр­ған бұл бастама, шын мәнінде, тікелей бүтін бір ұлттың тілегі емес пе. Оның үстіне, Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – ха­лықтың шек­сіз сеніміне ие бол­ған адам. Ол – мемлекеттің тұ­рақты алға басуының кепілі са­налып, туған халқымен бөлін­бейтін, бір­тұтас байланысқа түскен ТМД мемлекеттері ішіндегі санаулы көш­басшылардың бірі. Александр ЦИНКЕР, Электоральді жүйе­лер жөніндегі халық­ара­лық сараптау ор­та­лығының (ICES) пре­зиденті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры, Израиль: – Референдум өткізу кең қол­да­нылатын демократиялық үрдіс болып табы­лады. Әлемде мемлекет басшы­сының өкілеттігін ұзар­­ту бойынша референдум өткізген 30-дан астам дерек бар. Референдум плебисцитарлық демократия тео­риясы аясында саяси акт ретінде негізге алынады. Ол шын­дығында Батыс және Шы­ғыс Еуропа ел­дерінің бар­лы­ғын­да пайда­ла­ныл­ған.