• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2016

Жаңа өзгерістердің бастауы

316 рет
көрсетілді

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы Парламент сайлауы-2016: нәтижелері мен бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин және ақылы орталықтардың сарапшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында Ерлан Қарин алдымен қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Мұнан соң ол сайлау науқаны­ның жо­ғарғы деңгейде ұйымдас­ты­рыл­ғанын тілге тиек етті. –  Өткен сайлау елдегі жаңа  сая­си да­мудың, жаңа өзгерістердің бас­тауы деуге болады. Біз сайлауалды науқаннан бастап сайлау кезіндегі барлық үдеріске мониторинг жүргізіп отырдық. Алдын ала мәлімет бойынша, әрине, Парламентке бұрынғы шақырылымдағы партиялар ғана өткен. Алайда, сараптамаға сенер болсақ, Мәжілісте біраз жаңа тұлғалар, біраз жаңа есімдер пайда болады, – деді Ерлан Қарин. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде тәуелсіз сарапшылар да сөз алып, саяси доданың ұйымдастырылу барысы мен сайлаушылардың белсенділігі жайында пікірлерін білдірді.  Әсіресе,  мамандар сая­си пар­­тиялардың сайлауалды үгіт-на­­сихат жұмыстары кезінде әлеуметтік желілерді қолдану барысын сөз етті. Саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы сайлау науқаны кезінде әлеуметтік желілердің рөлі ерекше болғанын атап өтті. – Жастар арасында, әлеуметтік желілерде дауыс беру процесінен түсірілген фотолар сәнге айналды. Бұл міндетті түрде саяси тұрғыда самарқау азаматтарға ықпал етеді. 2012 жылы АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде халықтың 30 пайызы әлеуметтік желілерде посттарды оқығаннан кейін сайлауға барғандарын мойындаған. Ал тағы 20 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланып, өзгелерді сайлауға үгіттеген. Осы үрдіс бізге келгенін биыл сая­си партиялар түсінді деп ойлаймын, – деді Ж.Түсіпбекұлы. Айта кетейік, шарада са­рапшы мамандар өткен сай­лау науқанындағы қазақ­стан­дықтардың белсенділігін, жас­тар­дың өз таң­дауын жасауда құқықтарын сақ­тағанын жарыса сөз етті. Ең бастысы – әлемнің назары ауған саяси дода­ның әділ өткені Қазақстанның мәр­тебесін асқақтата түсті, деді олар. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан».