• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2011

Халыққа қызмет ететін қажетті шешім қабылданады

459 рет
көрсетілді

Президент алдымен кеңеске қатысқандарды аталған екі тақы­рып жөнінен хабардар етті. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атап өтіледі, деді Мемлекет басшысы. Барлығымыз бірлесе отырып, тиісті іс-шараларды әзірлеуіміз қа­жет. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ешқашан ұмытылмайтын болады. Осы жылдар ішінде жүзеге асыр­ған жұмыстарымыз, қол жеткізген жетістіктеріміз, ол – бүкіл қазақстандықтардың абыройы. Тәу­елсіздікке байланысты кең ауқым­ды арнайы бағдарлама әзір­ленді. Бүгін соның төңірегінде әңгіме қозғайық. Бұдан кейін Президент Нұр­сұлтан Назарбаев өзінің өкілеттік мерзімін 2020 жылдың 6 желтоқ­санына дейін ұзарту туралы референдум өткізу жөніндегі бас­та­машы топтың ұсынысына өз пікірін білдірді. Қазіргі кезде елдің бастамасымен референдум өткізу жайында әңгіме болып жатыр, деді Мемлекет басшысы осы ту­ралы. Бұл жөнінде сіздердің де пікірлеріңізді білейін деп отыр­мын. Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғын тек мереке ретінде өткізбей, осы жылдар ішінде істеген жұ­мыстарды өз елімізге де, шет елдерге де таныстырып, жастарды пат­риоттыққа тәрбиелеу мәселе­сіне де көп көңіл бөлуіміз керек. Елі­міздегі саяси күштер мен аза­маттардың барлығы осыған атса­лы­сып, дүние жүзіне Қазақ­стан­ның бүгінде қандай болғанын таныс­ты­руымыз қажет. Президент сондай-ақ еліміз­дің эконо­микалық даму қарқы­нын да атап өтті. Ел экономикасын екі есеге өсіретін индустриялық-ин­нова­циялық бағдарлама әзір­лен­ді. Соның аясында өткен жылы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 150 нысан іске қосылды, ал жергілікті жерлерде 800 нысан жұ­мыс істей бастады. Осы жылғы мемлекет алдында тұрған жоспар аса ауқымды. Құрылысы жүріп жат­қан Қорғас – Алматы бағы­тындағы темір жол телімі Қа­зақ­стан мен Қытай арасындағы тауар айналымын еселеп арттырады. Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазақстан – Түркіменстан ара­сындағы темір жол іске қосы­лады. Осы арқылы Парсы шы­ға­нағы мен араб елдеріне шығатын боламыз. Бұл Қазақстан үшін зор мүмкіндік. Бұлардан бөлек ұзындығы 2700 шақырымды құ­рай­тын Батыс Қазақстан – Батыс Қытай автожолы салынып жатыр. Қазіргі кезде онда 50 мың адам жұ­мыс істеуде. Осының арқа­сында мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады. Президент ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласын дамыту барысында қол­ға алынып жатқан жұмыс­тар­ға да тоқталып өтті. Ауыл шаруа­шы­лығын өркендетуге байла­ныс­ты аса үлкен жұмыстарды қолға алғалы отырмыз, деді Елбасы. Осы жылдар ішінде біз астық секторын дамытуда аз жұмыс атқарғанымыз жоқ. Жаңа тех­нологияны енгізу нәтижесінде астық шаруашылығын біршама тұрақтандырдық. Енді мал ша­руа­шылығы да дамытылатын бо­лады. Егер біз 2014 жылға қарай экспортқа 60 мың тонна ет шы­ғара алсақ, одан кейінгі кезеңде оны 150 мың тоннаға дейін арт­тыра аламыз. Ол үшін асыл тұ­қымды мал бағылатын кешендер мен ет комбинаттарын тұр­ғызу қажет. Осы мәселелерге тоқталып өткен Президент бұдан кейін кеңеске қатысушылардың пікірлерін тыңдауды қолай көрді. Ал­ғашқы сөзді Президенттік мәде­ниет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков алды. Біздің ұрпақ – бақытты ұрпақ. Заман өзгерді. Қоғам өзгерді. Адам өзгерді. Сана өзгерді, деп бас­та­ды сөзін ол. Бәрі де оңайлықпен бола қойған жоқ. Елім деп түн ұйқыңызды төрт бөлген, қинал­ған, күйзелген, азап шеккен ең қиын жылдарыңызда қасыңызда болған кісілердің бірі мен мұны жақсы білемін. Сіз ұлы импе­рия­ның құлауына да, оның құ­рамын­да болған көптеген тәуелсіз мем­лекеттердің бейбіт жолмен дү­ние­ге келуіне де себепкер болған едіңіз. Бұл ақиқатты біздің та­рих­шыларымыз әлі жазған жоқ. Жаза алмай жүр. Сөзінің барысында Мырзатай Жолдасбеков соңғы жылдары Тәуелсіздік шежіресінің жазы­лып жатқанынан хабардар етіп өтті. Қазіргі таң­да оның 18 томы жарық кө­ріп­ті. Биыл тағы 11 томы жарық көргелі отыр. Осыған бай­ланысты ол көп кешіктірмей авторлар тобын құрап, Тәуелсіз Қазақстанның тарихын жаздыру керектігін алға тартты. Одан кейін М.Жолдасбеков Тәуелсіздік­тің 20 жылдығына байланысты пікір білдірді. Осы мерекені ха­лықтың тойы, елдің тойы, өр­кениеттің өнегелі тойы етіп өт­кізу керектігін атады. Ол, сондай-ақ осы күндері дін мәсе­лесі қалың қауымды қатты алаң­датып отырғанына, Ислам дінінің тоқ­сан тарауға бөліне баста­ға­нына алаңдаушылық білдірді. Сізге риза болған ел бүгінде Сіздің өкілеттігіңізді 2020 жыл­дың 6 желтоқсанына дейін ұзар­туды қалап отыр, деді М.Жолдасбеков сөзін қорытындылай келіп. Бұл елге керек, жұртқа тыныш­тық, ын­ты­мақ, бейбіт өмір, жақсы тұрмыс керек. Оны жасап отырған Сіз боласыз. 1998 жылғы Азия апа­тынан да, 2008 жылғы әлемдік дағ­дарыстан да халқыңызды аман алып шыққан Сіз боласыз. Көзге мақтады демеңіз, арғы-бергі заманда Ұлы дала төсінде талай ұлылар да, көсемдер де, батырлар да, даналар да болған. Бірақ дәл Сіздей жер жүзіне даңқы асқан тұлға болған жоқ. Мұны тарих біледі. Сіздің өкілет­тігіңізді ұзартсақ деп отырған халық осыны да ескеріп отыр. Қа­лың қауымның референдум өт­кізу жөніндегі бастамасын қол­дай­ды және қабылдайды деп сенеміз. Шәкәрім атындағы Семей мем­лекеттік университетінің рек­то­ры Ерлан Сыдықов респуб­ли­ка­лық референдум өткізуді барша қазақстандықтар қолдап отыр­ғанын ортаға салды. Оның ай­туынша, Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы ұлт­тық идеямыздың бір көрінісі бо­лып табылады. Ел мүд­десі мен жарқын келешек үшін қоғамның топтасуы референдум арқылы жүзеге асы­рылады. Сондай-ақ ол аз ғана уақыттың ішінде 5 миллионнан астам азаматтардың қолы жи­налғандығын, бұл 2020 жылға дейінгі еліміздің стратегиялық даму жоспарын, бірлік пен тату­лықты қолдаудың жарқын көрі­нісі екендігін атап өтті. Референдум Елба­сынан гөрі халыққа қажет, деп сөзін аяқтады ол. Ал Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев сөзін Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығынан бастады. Алдағы күзде алғаш тәуекелге бой ұрғаны­мыз­ға жиырма жыл толады, деді Еңбек Ері. Оған дейін құр қиял­дан­ғанымыз болмаса, дербес мем­лекетке қол жеткізе қоямыз деп ойлаған емеспіз. Көп нәрсені сосын түсіндік. Өз алдына ел болу айтуға ғана оңай екен. Жүзеге асыруда жүздеген кілтипандарға килігеді екенсіз. Азғана уақытта Астана тұрғыздық. Жасампазды­ғымыз әлеуметтік оптимизмді оятты. Оны жуырдағы ЕҚЫҰ Саммиті одан әрі орнықтыра түсті. Халық жазушысы әрі қарай елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға тоқталды. «Жол картасы», «100 аурухана, 100 мектеп», «Мә­дени мұра», «Ақбұлақ» бағдарла­ма­­лар­ы жүзеге асырылып жатыр. Елімізде көп салалы экономиканы жан-жақты дамыту қарқын ала түсті. Референдум туралы бастама осылардан өрістеп отыр. Мұндай бүкілхалықтық бастама қолдауға әбден лайық. Одан кейін сөзді Халық Қа­һар­маны, генерал-лейтенант Ба­қыт­жан Ертаев алып, Президент­тің өкі­леттік мерзімін ұзарту жө­нін­дегі бастаманы Қазақстан Қару­­лы Күштерінің барлық құ­рамы қол­дайтындығын айтып, референдум өт­кізу­ге Мемлекет бас­шы­сының келісім беруін өтінді. Сонымен қатар, ол Елбасына Астана Сам­митінің та­бысты өткені үшін өзімен ауылдас ақсақал­дардың шынайы алғысын білдірді. Парламент Мәжілісінің депу­таты, Қазақстан Азаматтық альян­с­ы­ның президенті Айгүл Со­ловьева­ның сөзі де салмақты шық­ты. Негізінен ол Мемлекет бас­шы­сының салиқалы саясатының ар­қа­сында еліміз Орталық Азияда көшбасшы атанғанын, бүгінде Қа­­зақстанды әлемдік қоғам­дастық мойындап отырғанын айта келіп, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар респуб­ликалық референдум өт­кізу­ді қолдайтын­дық­тарын жеткізді жә­не Елбасынан референдум өт­кізуге келісім беруін өтінді. Ал Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы Зинаида Федотова сөзіне 1990 жылдың 24 сәуірінде еліміздің Тұңғыш Президенті сайланғанын, сол кезде өзінің Жоғарғы Кеңестің депу­таты екендігіне арқау ете келіп, тәжірибелі заңгер ретінде Прези­денттің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзарту заңға қай­шы келмейтіндігін атады. Өйт­кені, референдум өткізу халық­аралық тәжірибеде кеңі­нен қол­данылады. «Ақ жол» партиясының төр­аға­сы Әлихан Байменов өз сөзін­де бірқатар ұсыныстарды алға тарт­ты. Оның айтуынша, «Аманат» деген топ құрса дұрыс болмақ. Осы ар­қылы көпші­ліктің ұсыныс-пікір­ле­рін білуге, сол бойынша тиісті жұ­мыс­тар жүр­гізу­ге болар еді. Әли­хан Байменов осыған байла­нысты өз та­ра­пынан аманат ретінде дінге, тіл­ге және жергілікті мәсли­хат­тардың рөлін арт­тыру­ға қатыс­ты пікір білдірді. Сон­дай-ақ ол Пре­зидент­тің өкілеттігін ұзарту ту­ра­лы баста­маны қолдай­тын­­ды­ғын мәлім етті. Кеңесте, сондай-ақ Мәжіліс де­путаты Розақұл Халмұрадов, Сенат депутаты Ғани Қасымов, «Ауыл» пар­тиясының төрағасы Ғани Қа­лиев, «Әділет» партия­сының төр­аға­сы Мақсұт Нәрік­баев, Қазақстан кәсіпкерлері фо­ру­мы кеңесінің төр­ағасы Райым­бек Баталов, тағы бас­қалар атал­ған тақырыптарға қа­тыс­ты ұсы­ныс-пікірлерін ортаға салды. Сөз алған шешендердің барлығы да Президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы бастаманы қолдай­тындықтарын білдірді. Оған Мем­лекет басшысының келісім беруін өтінді. Кеңеске қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын асық­пай тыңдаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алды­м­ен сөй­­леген шешендер тарапы­нан ай­тыл­ған ұсыныстарға пікір білдірді. Мемлекет басшысы осы­ған байла­нысты Әлихан Бай­ме­нов­­тің «Аманат» тобын құру ұсы­нысына қол­дау білдірді. Ал Ғани Қа­сымовтың Ұлы Отан соғы­сының ардагерлеріне қар­жылай көмек беру туралы ұсы­нысына Президент бұл мәсе­лені біртіндеп шешу жайын қа­рас­тыруға бола­ты­­нын, ал ауыл-селоның алдағы уа­қыттарда өр­кен­деуіне қазірдің өзін­­де ерекше назар аударылып отыр­ған­дығын атады. Осыдан кейін Мемлекет бас­шы­сы Прези­денттің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы референдум өткізу бас­­тамасына қатыс­ты ойын ортаға сал­­ды. Елбасының ай­туы­на қараған­да, президенттік бас­қару билігі Қа­зақ­стан үшін әлі де қажет. Өйт­кені, бү­гінде жас­­тар­ды пат­­риот­тық тұр­­ғы­дан тәр­биелеу ке­рек. Қа­зақстан өні­мінің жар­тысынан аста­мын бизнес са­ласы өндіруіне қол жеткізілуі тиіс. Біз Пар­ламенттің рө­лін әрі қарай кө­теруіміз керек, деді Мемлекет бас­шы­сы. Тәуел­сіз­діктің 20 жыл­дығын өткізу туралы арнайы бағ­дарлама әзірленді, комиссия құрыл­ды. Комиссияның ал­ғашқы отыры­сы ақпан айының ба­сында өтеді. Сонда не істеу керек екендігі нақ­тыланады. Президент, сон­дай-ақ ауыл­дағы әйелдерге бір жылға өсімсіз 300-400 доллар мөлшерінде ша­ғын несие беру мәселесін де қоз­ғады. Сонда олар­ отбасын азық-түлік өнім­дерімен қамтамасыз етіп, пайда­лы еңбекпен айналы­сады. Сөзі­нің соңында Елбасы референдум өткізу туралы өз ойын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев: «Халыққа қызмет ететін қажетті шешім қабылдаймын» деді. Со­ған қа­рағанда, Мемлекет бас­шы­сы бұл мәселе жөнінде ойланып көретін секілді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.