Азиада жаршысы
«Егемен Қазақстанның» VІІ Қысқы Азия ойындарына арналған беті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары Алматы 2011 жылғы 27 қаңтар Қазақстан Республикасында 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған ескерткіш алтын монетаны айналысқа шығару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 27 қаңтарда номиналдық құны 50000 теңгелік Қазақстан Республикасында 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған «proof» сапасымен жасалған ескерткіш алтын монетаны айналысқа шығарады.
Ескерткіш алтын монетаның сипаттамасы:
Монетаның бет жағында (аверсінде) оң бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 1000 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Сол жақ бөлігінде қар ұшқындарымен қоршалған «Көк тәңірі» петроглифінің стильдендірілген бейнесі салынған. Төменгі бөлігінде шаңғының ізі және монета соғылған жылды білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күңгірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7 th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 999/1000 сынамды алтыннан дайындалған, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы - 145 дана. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі Осы ескерткіш алтын монета Қазақстан Республикасында 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналып жасалды. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. Жарыстар:Қай күні? Қайда? Қай уақытта?
Алматыда өтетін VII Қысқы Азия ойындарының кестесі
Тау шаңғысы 31 қаңтар – 4 ақпан «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорттық базасы 31.01 11.00 – Төменге құлдилау (ерлер) Төменге құлдилау (әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 1.02 11.00 – Супергигант (ерлер) Супергигант (әйелдер) 2.02 Демалыс күні. 3.02 10.00 – Супер комбинация (ерлер). (Супер гигант + слалом) Соңынан марапаттау рәсімі. 4.02 10.00 – Супер комбинация (әйелдер). (Супер гигант + слалом) Соңынан марапаттау рәсімі. Фристайл 31 қаңтар – 4 ақпан 31.01 10.00 – Іріктеу жарысы 11.00 – Могул (әйелдер), Могул (ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі. 1.02 10.00 – Акробатика (әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 2.02 Демалыс күні 3.02 10.00 – Іріктеу жарысы 11.00 – Параллельді могул (әйелдер) Параллельді могул (ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі. Шаңғымен тұғырдан секіру 31 қаңтар – 3 ақпан Халықаралық тұғырдан секіру кешені 31.01 10.00 – К-125 (жекелеген жарыс) Соңынан марапаттау рәсімі 1.02 Демалыс күні 2.02 10.00 – К-95 (жекелеген жарыс) Соңынан марапаттау рәсімі 3.02 Демалыс күні 4.02 10.00 – К-125 (командалық жарыс) Соңынан марапаттау рәсімі Шайбалы хоккей (Әйелдер) 28 қаңтар – 3 ақпан Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайы 28.01 14.30 – 17.00. Оңтүстік Корея – Жапония 19.00 – 21.30. Солтүстік Корея – Қазақстан 29.01 14.30 – 17.00. Қытай – Солтүстік Корея 19.00 – 21.30. Қазақстан – Оңтүстік Корея 30.01 Демалыс күні 31.01 14.30 – 17.00. Қытай – Оңтүстік Корея 19.00 – 21.30. Қазақстан – Жапония 1.02 14.30 – 17.00. Солтүстік Корея – Оңтүстік Корея 19.00 – 21.30. Жапония – Қытай 2.02 Демалыс күні 3.02 11.30 – 14.00. Жапония – Солтүстік Корея 16.00 – 18.15. Қытай – Қазақстан 18.15 – Марапаттау рәсімі. Шаңғы жарысы 31 қаңтар – 6 ақпан Шаңғы-биатлон стадионы 31.01 10.00 – Спринт. (1,2 км., әйелдер) Спринт. (1,6 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 1.02 10.00 – Командалық спринт. (1,2 км., әйелдер) Командалық спринт. (1,6 км., әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 2.02 13.00 – Жекелеген жарыс (10 км., әйелдер) Жекелеген жарыс (15 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 3.02 10.00 – Классикалық жарыс (5 км., әйелдер) Классикалық жарыс (10 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 4.02 Демалыс күні 5.02 12.30 – Эстафета (4 х 5км., әйелдер) Эстафета (4 х 10 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 6.02 12.30 – Классикалық жарыс (15 км., әйелдер) Классикалық жарыс (30 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі Биатлон 31 қаңтар – 6 ақпан Шаңғы – биатлон стадионы 31.01 13.30 – Спринт (7,5 км., әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 1.02 13.30 – Спринт (10 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 2.02 10.00 – Ізге түсу жарысы (12 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 3.02 13.00 – Жекелеген жарыс (15 км., әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 4.02 13.00 – Жекелеген жарыс (20 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі 5.02 10.00 – Эстафета (4х 6 км., әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 6.02 10.00 – Эстафета (4 х 7,5 км., ерлер) Соңынан марапаттау рәсімі Шаңғымен бағдарлау 31 қаңтар – 5 ақпан Шаңғы биатлон стадионы 31.01 Биатлон стадионы 10.00 – Спринт (ерлер және әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 1.02 Демалыс күні 2.02 Шаңғы стадионы 10.00 – Орташа қашықтық (ерлер және әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 3.02 Шаңғы стадионы 14.00 – Ұзақ қашықтық (ерлер және әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі 4.02 Демалыс күні 5.02 Биатлон стадионы 14.00 – Эстафета (ерлер және әйелдер) Соңынан марапаттау рәсімі Допты хоккей 1.02 Алдын ала кездесулер 10.00 – 11.45. Матч №1 12.30 – 14.15. Матч №2 2.02 Алдын ала кездесулер 10.00 – 11.45. Матч №3 12.30 – 14.15. Матч №4 3.02 Алдын ала кездесулер 10.00 – 11.45. Матч №5 12.30 – 14.15. Матч №6 4.02 Демалыс күні 5.02 Жартылай финал 10.00 – 11.45. Матч №7 12.30 – 14.15. Матч №8 6.02 Үшінші орын үшін кездесу 10.00 – 12.00. Финал 13.00 – 15.00 Соңынан марапаттау рәсімі.Табаған спорттық-сауықтыру кешені
Жарықтық Алатау Азиадаңызды жалғыз өзі атқарып салғандай, көтеріп алғандай екен-ау. Осынау аса ірі жарыстар өтетін, «Медеу» мен «Шымбұлақ» бастаған бес бірдей спорттық нысан қазақтың абыз данасындай ата тауының бөктерінде бой көтерген. Әрқайсысы, қарасаңыз көз сүйсінер, сипаттасаңыз тіл сүрінер бір-бір ғажайып. Мінеки, біз солардың бірі – «Табағанның» басында тұрмыз. Алматының шегінен 17 шақырым жерде. Талғардың жолымен тартып, одан оңға бұрыла өрлей қиялап, еңіс беткейдегі Бесқайнар ауылын басып өтіп, соның тап іргесіндегі «Табағанға» тез-ақ жеткенбіз. «Табаған» атауы бүгінде әлемнің спорт жұртшылығына жақсы таныс. Азиада бәйгесіне ат қосу абыройын еншілеген Қайрат Беркінбаев деген атпал азамат. «Табаған» атауының түп-тамыры «кең табанды ағаш шана» деген мағынаны білдіретін солтүстікамерикандық үндістер сөзінде жатыр. Қазіргі ағылшын тілінде ол «таудан құлдилау, сырғанау» деген сөз. Қайрат Шералыұлының айтуынша, біздің «Табағанымыз» табиғат қойнауында шана тебуді аңғартады. Алматы облысы Талғар ауданының аумағында, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық қорығымен қойындасып жатқан осынау тау шаңғысы курорты спорттық-сауық кешені 2005 жылы салынды. Жалпы алаңы 65 гектар десек, бүгінде соның 28 гектары игерілген. Алдын- ала айтсақ, қарапайым қазақ жігіті Қайрат Беркінбаевтың ілкімді идеясымен және іскерлігімен осыншалық ауқымды жобаның іске асуы Қазақстан туризмі тарихындағы, сондай-ақ қысқы спорт түрлерін дамытудағы жаңа белес болғаны анық. Өйткені, «Табаған» кешені нақ осындай санаттағы тау шаңғысы курорттарына қойылатын осы замандық әлемдік стандарттарға әбден сай. Ол Австрия, Голландия мен Ресейде жасалған техникамен жабдықталып жарақталған. Тізбектелген тау жоталары, құлама беткейдің құлдилаған еңісі. Содан жосылған тау шаңғысының жалпақ жолтабанын бір науа дерсіз. Қыр басынан қарап тұрғанда көз алдыңыздан сұлу көрініс ашылады. Күрделілігі әралуан деңгейдегі трассалардың жалпы ұзындығы 37 шақырым. Беткейдің ең жоғарғы нүктесі теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте. 1000 метрлік қос орынтақты аспалы жол, екі қатар боп өрілген бугельді жол сол биіктерге өрлейді. Осындай «Табаған» адамның денсаулығына игі әсер ететін спорттық-сауықтыру, саламаттылық орайындағы қызметтерін ұсынуда. Мұнда тау шаңғысы жолдарымен қатар барлық маусымдағы шана таусырғанағы, футбол алаңы мен жасанды жамылғылы теннис корты, ашық аспан астындағы жазғы хауыз бар. Шыңға өрмелеушілер құлшынысына да мүмкіндік туғызылған. Сондай-ақ, үш жұлдызды қонақ үй, коттедждер 250 шамасында мейман қабылдай алады. Мейрамханалар жүйесі, су-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Соңғы төрт жылда «Табағанда» биатлоннан, фристайлдан, сноубордтан және басқа да спорт түрлерінен республикалық һәм халықаралық ауқымдағы көптеген жарыстар өткізіліп, кешен жақсы бағасын алды. Ал енді Қысқы Азия ойындары аясында мұнда фристайлдың үш түрі: фристайл-акробатика, фристайл-могул және фристайл-параллельді могул бойынша жарыстар өтпекші. Осы мақсатта өткен жылдың шілде айында «Контакт-Тур» ЖШС мен «2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ арасында келісімшарт жасасылған болатын. Сөйтіп, тау шаңғысы беткейлерін қайта жоспарлау, Азиада қарсаңындағы басқа да дайындық жұмыстары шұғыл басталып кеткен-ді. Адамдар үш ауысымда қауырт жұмыс істеді. Төменгі және жоғарғы беткейлердің жарыс алаңдары барлық халықаралық стандарттарға сай етіліп жасалды. Атқарылған жұмыстарды Халықаралық шаңғы спорты федерациясының техникалық делегаттары келіп көріп, спорт нысандары сынақ-тексерістен, яғни гомоголациядан өтіп, сәйкестік жөніндегі тиісті сертификаттарын да бұдан үш ай бұрын алып үлгеріпті. Алаңдарда көрермендер үшін 1840 орындық мінбер салынған. Соның ішінде 120 орындықты виб-мінбер бар. Жеке ғимараттың үстінде әйнекпен жабылып, мәртебелі меймандарға арналып 15 кісілік жылы виб-жай жабдықталған Оның сыртында 400 адам ойындарды түрегеп тұрып тамашалай алмақ. Бұл жер қоршалып қойылған. Қызметкерлер үшін техникалық орынжай салынған. Спортшылардың шаңғыларын баптап, жөндейтін арнайы орындар да ескерілген. Комментаторлар кабиналары өз алдына. Бірнеше үй спортшылардың жарыс хронометражын жүргізетін, жылдамдықтың дәл уақытын өлшейтін компанияға берілген. Командалар арнайы бөлінген коттедждерге жайғастырылмақ. Төрешілерге жеке үй салыныпты. Бүкіл жарыс алаңы жарықтандыру мұнараларымен көмкерілген. Демек, жарысты кешке қарай, қараңғы түскенге дейін де жалғастыра беруге болады. Азиададағы шаңғы спорты түрлеріне негізгі қажетті шикізат қар дейтін болсақ, «Табағанда» бұл мәселе толық шешімін тапқан. Беткейлерді механикалық қарландыру жүйесінің технологиялық құбыры тартылып, Италиядан әкелінген 8 қар зеңбірегі тынымсыз түйдектете жұмыс істеп тұр. Басқа-басқа, ал қардан таршылық болмайды. Теле және газет журналистері үшін де барлық жайлы жағдайлар ойластырылыпты. «Табаландия» ғимаратында баспасөз орталығы жұмыс істеуге әзір. Медициналық қызмет сақадай-сай. Алматы қаласының әкімдігі Азия ойындары уақытына «Табағанға» бір медициналық тікұшақ беріп қойыпты. Сондай-ақ, жедел жәрдемнің жансақтағыш 2 жүрдек мобилі де осында. Өрт шыға қалған жағдайға өрт сөндірушілердің екі тобы жасақталыпты. Сонымен, «Медеу» мен «Шымбұлағымыздың» ізінен ерген серік інісіндей болып дүниеге келген, Алатаудың табиғатына жарасқан тағы бір ғажайыбымыз «Табаған» Азиадаға айна жүзін бұрды. Мұндағы фристайлдың үш түрі бойынша өтер жарыстарда біздің спортшыларымыз намысты қолдан бермесіне үміт мол. Олай болса, сол үмітімізді үкілеп, Азиадаға шашу шашқандай, ауаны тазартып, ақ арманға жетелегендей, Алатау мен Алматыны молынан айқара аппақ мамық қардың толастамай төгіле жауғанын жақсы ырымға баладық. Қорғанбек АМАНЖОЛ, Суреттерді түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.