• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

465 рет
көрсетілді

2010 жылғы 30 желтоқсан    №1449    Астана, Үкімет Үйі Келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекіту туралы «Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  Қазақстан Республикасының   2010   жылғы   24   маусымдағы   Заңының 16-бабының 62) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы  №1449

қаулысымен бекітілген

Келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұ­мыс­тарға арналған шығыстарды айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида), «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады: 1) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары – жаңа ғылыми немесе тех­никалық білімдер мен ұғымдар алу мақсатында жүр­гізілетін бірегей немесе жоспарланған зерттеулер; 2) пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезіндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – ғылыми-зерт­теу немесе басқа да білімдердің нәтижелерін қол­дану негізінде жаңа және неғұрлым жетілдірілген материал­дарды, механизмдерді, өнімдерді, технологияларды, жү­йелерді немесе қызметтерді коммерциялық өндіру басталғанға дейін оларды жоспарлау және жобалау. 3. Қағида құзыретті орган мен облыстың, респуб­ли­калық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті ат­қарушы органының келісімшарт бойынша жұмыстар­ды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының ау­мағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) арналған шығыстардың шамасын айқындау тәртібін белгілейді. 4. Қағида өнеркәсіптің өндіру салаларындағы пай­далы қазбаларды барлаумен, өндірумен байланысты ҒЗТКЖ-ның барлық түрлеріне қолданылады. 5. ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар: 1) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру кезінде жаңа тех­нологиялар мен әдістерді әзірлеуді немесе қолданыс­тағыларын жақсартуды; 2) осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми немесе техникалық білімдерді практикада қолдануды қам­тиды. 2. ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстарды айқындау тәртібі 6. Құзыретті орган келісімшарт бойынша жұмыс­тарды орындау үшін қажетті және жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының шартына қосылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ҒЗТКЖ-ге ар­налған шы­ғыстарды айқындау кезінде пайдалы қаз­балардың қорын және (немесе) келісім-шарт аумағының ау­данын ескереді. 7. Көмірсутек шикізатын барлауға ҒЗТКЖ-ге арнал­ған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анық­талады: P = (l,5 AEK x S), мұнда: Р – көмірсутек шикізатын барлауға ҒЗТКЖ-ге арнал­ған шығыстар сомасы; S – кен орнының ауданы, шаршы километрмен. 8. Көмірсутек шикізатын өндіруге ҒЗТКЖ-ге арнал­ған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анық­талады: Р = (Қ х 0,04 %) + (Қа х 0,01 %), мұнда: Р – көмірсутек шикізатын өндіруге ҒЗТКЖ-ге ар­налған шығыстар сомасы; Қ – Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – ҚМК) бекіткен көмірсутек шикізатының жиынтық қорларының құны; Қа – алдын ала бағаланған С санатындағы қорлардың жиынтық құны. 9. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады: Р = 1 АЕК х S, мұнда: Р – қатты пайдалы қазбаларды барлауға ҒЗТКЖ-ге ар­налған шығыстар сомасы; S – кен орнының ауданы, шаршы километрмен. 10. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады: Р = (Қ х 0,01 %) + (Қа х 0,005 %), мұнда: Р – қатты пайдалы қазбаларды өндіруге ҒЗТКЖ-ге ар­налған шығыстар сомасы; Қ – ҚМК бекіткен қатты пайдалы қазбалардың жиын­тық қорларының құны; Қа – алдын ала бағаланған С санатындағы қорлардың жиын­тық құны. 11. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың жиынтық қорларының құны инфляция ескеріле отырып түзетілген жұмыс бағ­дар­ла­ма­сында көрсетілген барлық кезеңде өндіруге жұмсалған жалпы шығындардың сомасы ретінде айқындалады. 12. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты су­лары мен емдік балшықтарды барлауға ҒЗТКЖ-ге ар­налған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады: Р – 0,5 АЕК х S, мұнда: Р – кең   таралған   пайдалы   қазбаларды,   жерасты   су­лары  мен   емдік балшықтарды барлауға ҒЗТКЖ-ге ар­налған шығыс­тар сомасы; S – кен орнының ауданы, шаршы километрмен. 13. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты су­лары мен емдік балшықтарды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша анықталады: Р = Қ х 0,01 %, мұнда: Р – кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы; Қ – A, В, С1 өндеркәсіптік санаттары бойынша минералдық шикізаттың ҚМК бекіткен жиынтық қорының құны. 14. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері мен кен орындарында пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы барлауға және (немесе) өндіруге жұмыс бағдарламасында белгіленген шығындардан пайыздық арақатынасында көрсетіледі. 15. Жер қойнауын пайдалану келісім-шартының талаптары бойынша конкурс жеңімпазымен келіссөздер жүргізу кезінде ҒЗТКЖ-ге арналған шығыстар сомасы бөлігінде конкурстық ұсыныстың шарттары азайтуға жатпайды.