• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

Орынды бастаманың аяқсыз қалғаны қалай?

593 рет
көрсетілді

Екі ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысына 1757 жылы Аягөз өңіріндегі Мамырсу деген жерде нүкте қойылғаны тарихтан белгілі. Қиын да қыс­та­лаң шақта халқымыздың ба­сын біріктіре білген Абылай хан осы жерде Қытай әмір­ші­лері­мен келісімге келіп, шек­ара­мызды бекітіп алуға қол жеткізген. Екі ел арасындағы бұл уағдаластық Қандыжап шар­ты, яки Мамырсу келісімі деген атпен тарихта қалған. Сол тұста осы өңірден алды­мен Қу дау­ысты Құттыбай, соңынан оның ұрпағы Ақтай­лақ би қазақ елі­нің елшісі ретінде Қытайдың астанасы Бей­жіңге дейін барып қайтқан. Ал соның бәрі елдігімізді көрсетсе керек. Осыдан үш-төрт жыл бұ­рын осы маңызды оқиғаның 250 жыл­дығына орай жергілікті аза­маттардың бастамасымен бірқа­тар игілікті шаралар жү­зе­ге асы­рылған еді. Ең алды­мен, кезінде орыстар салдыр­ған Сергиополь бекінісінің аты Мамырсу болып өзгертілген. Сергиополь демекші, енді елдігімізге орыстар та­рапынан қауіп төне бастағанда жоға­ры­да есімі аталған Ақтай­лақ би мұнда мешіт үйін сал­дырса, «Таурих-Хамса» атты тарихи кітаптың авторы Құрбан­ғали Халит осы өңірдегі алғаш­қы білім ордасы – медресені іске қо­сады. Ал сол Сергиополі­ңіз­де  мектеп салынғанына да 150 жыл­ға жа­қын­дап қалды. Ма­мыр­­су келі­сім­інің 250 жыл­ды­ғына арналған ғы­лыми-тео­рия­лық конференция сол білім орд­а­сында өткізілген-ді. Конференция соңында екі ел арасындағы келісімге қол қой­ылған Мамырсу жеріне белгі тас орнатылып, алда сол жерге үлкен монумент  тұрғызу жө­нін­де бірауызды шешім қабыл­данған еді. Өкінішке қарай, содан бері төрт жыл өтсе де бұл мәселеде ешқандай қозға­лыс байқалмайды. Сол шақ­тағы игі­лікті шаралардың басы-қа­сын­да жүрген Мамырсу ауы­лының әкімі Аманжол Арғын­гелдин мұны жүзеге асыруға бір ауыл, бір ауданның мүмкін­дігі жетпейтінін айта келіп, оғ­ан об­лыс, республика Үкіметі тара­пы­нан көңіл бөлінсе деген тілек білдірген еді. Бұл, шын мәнінде орынды ті­лек пе дейміз. Ал сол орын­ды тілек ел тәуелсіздігінің жи­ыр­ма жылдық мерекесі тұсын­да жүзеге асырылып жатса, кә­неки! Мұндай шараның тарих үшін, жас ұрпақ үшін қажет­тілігі айтпаса да түсінікті! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.