Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ Даму бағдарламасы, Қыздар университеті мен «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан дамуының қазіргі кезеңіндегі отбасы және отбасы құндылықтары» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Маңызды басқосудың мақсаты – Қазақстан Республикасының гендерлік және отбасылық саясат жөніндегі тұжырымдамасына отбасы дәрежесі мен отбасылық құндылықтарды айқындауға жаңа ұсыныстарды енгізу, қазіргі замандағы отбасы, отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлін нығайту, жастарды жарасымды отбасылық өмірге даярлау.
– Еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуінің шарттары тек саяси-экономикалық өрлеумен ғана шектелмейді, – деді шараны ашқан Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева. – Ол қоғамдық өмірдің мәдени-рухани өркендеуімен де астасып жатыр. Қазіргі таңда, шындығында, әлемде отбасылық құндылықтарды сақтау мен тұрақтылығы жөнінде өзекті мәселелер көрініс тапқан. Олар ажырасудың көбеюі, тастанды бала, өркениетті елдердегі бір жыныстылардың некесі, азаматтық некенің белең алуы, бала туу санының азаюы, заңды некелік қатынастарға деген құштарлықтың төмендеуі, т.б. болып жіктеле береді. Қазақ халқының тума болмысында отбасы тұрақтылығын сақтаудың, ұл мен қызды отбасылық өмірге дайындаудың, жетімдерді жасытпаудың, т.б. терең гуманистік үлгілері қалыптасқан. Әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміздің өн бойына сіңірілген мұндай құндылықтарды бүгінгі таңда қайта жаңғыртып, озық, жетілген, тұрақтылықты сақтауға бағдарланған қырларын тұрмыс-салтымызға қайтадан енгізу – қазіргі кездегі реэтнизация үдерісінің маңызды талаптарының бірі.
Одан әрі сөз алған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова еліміздің көп ұлтты тарихи тамырларына негізделген отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. «Президент Н.Ә.Назарбаев отбасы институтын нығайту мен рухани-адамгершілік тәрбиені көтеруге ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының ұсынысымен Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде. 2015-2020 жылдарға арналған отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша жалпыхалықтық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, Елбасы ұсынған бес институттық реформаның әрқайсысы – үлкен жауапкершілік және үлкен жұмыс. Елбасы айтқан «Үлкен отбасы – үлкен ел» ұлттық жобасының маңызы зор болып табылады», – деді гендерлік саясаттың бүгінін тілге тиек еткен Ш.Сыздықова.
Ал Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасы құндылықтарын сақтауға әсер ететін оң және теріс факторларды атап өте келе, статистикалық мәліметтерді келтіре кетті. Онда жылына 360 мың баланың дүниеге келуі жақсы көрсеткіш болғанымен, өкінішке қарай, жылдан жылға ажырасу жағдайы көбейіп, толыққанды отбасы саны азаюда екен. 2005 жылы ажырасқан отбасы саны 35 834 болса, 2015 жылы 53 293-ке жеткен. Заңды некеде тұрмайтындардың саны артуда. Бұл өткен жылға қарағанда 6,6 пайызға өскен. Некесіз бала табу көрсеткіші өскен. Көп балалы отбасылардың жағдайы әлі де мәз емес. Сондай-ақ, баяндамашы қоғамдағы осындай ахуалдардың өз деңгейінде шешімін табуда қазақ қызын тәрбиелеуде, берік отбасын құруда Қыздар университетіндегі «Қыз Жібек» клубы мен оқу орны жанындағы Гендерлік институттың алар орнының ерекшелігіне тоқталып, институт гендерлік зерттеулер саласында дәстүршілдік пен жаңашылдықты негізге алуды қолдай отырып, кейбір діліміз бен дүниетанымымызға сай келе бермейтін батыстық жағымсыз сипатты құндылықтарды теріске шығаратын, оның теориялық-әдіснамалық негіздерін ұсынып отырғанын тілге тиек етті.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11