04 Қараша, 2016

АХҚО делегациясы Қытайға барды

335 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
3 3-5 қараша аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов бастаған делегациясы Қытай Халық Республикасына (ҚХР) қаржы институттарымен келіссөздер жүргізуге және жыл сайын өтетін «Lessons as Retrospect and Prospect» конференциясына қатысуға барды. Бұл конференцияны «Хунжу» қаржы білім Қоры, Шанхайдың қаржы және құқықтану саласындағы зерттеу институты (SIFL) және Шанхай қаласының Жаңартылған Бреттон-Вуд Комитеті ұйымдастырған. Пекинге барған сапарында АХҚО делегациясы Қытай саяси консультативтік Кеңесі Төрағасының орынбасары – «Бір белдеу, Бір жол» Бастамасын жүзеге асыру аясында құрылған Жібек Жолы дамуын жоспарлау Зерттеулер орталығы Төрағасы Чэнь Юанмен кездесті. Ол кездесуге ҚХР қаржылық ұйымдары, дәлірегінде, Қытайдың Мемлекеттік Даму банкі, Қытайдың қаржы дамуы қауымдастығы және Жібек Жолы Қоры өкілдері де қатысты. 1 Кездесу кезінде тараптар лицензиялау, реттеу және қаржы орталығы нормативті-құқықтық базасын құрылымдау мәселелері мен  ҚХР банк ұйымдарын АХҚО аумағына тарту, әрі қарай ынтымақтасып жұмыс істеу жайттарын талқылады. Мұнан өзге АХҚО Басқарушысы «Jumore» компаниясы Президенті Лу Хунсянмен кездесіп, қаржы технологиялары мен қаржылық құралдар мәселелері, екі елдің қаржылық ұйымының арасында ынтымақтастықты орнату үшін тиімді қарым-қатынастар құру жайттарына тоқталды. Кездесу барысында қаржылық технологиялар нарығын дамыту, осы саладағы зерттеу жұмыстарын жүргізу және білім мен тәжірбие алмасу үшін Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. 4 «Lessons as Retrospect and Prospect» конференциясында Қ.Келімбетов негізгі панелді сессияға қатысты. Сессияда қытай экономикасының дамуы, ұзақмерзімдік реформалар мен қысқамерзімдік даму бағдарламалары арасындағы шиеленіс, Қытай экономикасына қосымша импульстің қажеттілігі туралы, оның өзге елдер экономикасына ықпалы, экономикалық барьерлер мен реформалардың бағыттары жайында ой қозғалды. АХҚО мен Шанхай Қор Биржасының арасындағы диалогты жалғастыру мақсатында және әрі қарай тереңдету үшін Шанхай Қор Биржасы Президенті Хуан Хунюанмен кездесу өтті. Тараптар аймақтағы капитал нарығын әрі қарай дамыту және ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық серіктестікті бекіту мақсатында АХҚО бәсекеге қабілетті Қор биржасын құру үшін бірігіп жұмыс жүргізуде. Мұнан өзге АХҚО делегациясы Ханчжоу электрондық коммерция индустриалды паркіне (Технопарк) барып, сол аумақта жұмыс істейтін компаниялар – Hangzhou Silver Box Baocheng Science and Technology, Ltd.», «Baozun Inc.», «Ningbo Qi Feng Communications», «HangzhouWeiba Information and Technology Co., Ltd.» компанияларының жұмысымен танысты. АХҚО мен Технопарк арасындағы келісімдер Ынтымақтастық Меморандумымен бекітілді.