Алматыда Springer Nature ірі халықаралық баспасы мен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ тағайындаған ғылым мен техника саласындағы Top Springer Author тәуелсіз сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
«Биыл Еуразия университетінің жанынан ядролық физика институты жасаған ауыр иондарды жеделдеткіш жаңа құрылғының іске қосылғанына 10 жыл толды. Әлемде баламасы жоқ осы машинаның арқасында біз өзіміздің ғылыми еңбектерімізді жариялап жүрміз. Ғалымдар үшін маңызға ие ең басты көрсеткіштер - оның жарияланымдық белсенділігі, сандық көрсеткіштер. Ғалымдар үшін материалдары көбірек жарияланған сайын, оның еңбектерінің рейтингі өсіп, есімінің танымал болуы артады. Бұл - көп еңбекті талап ететін жұмыстың нәтижесі, және жас ғалымдарды ары қарай дамуға ынталандыратын үлкен мүмкіндік. 5 жылдың ішінде мен 29 мақала мен 70-ке жуық дәйексөз жарияладым. Біздің ғылыми жұмысымыздың табысы - командалық жұмыстың нәтижесі», - деп атап көрсетті Ядролық физика институтының Астана филиалының директоры Максим Здоровец.
Springer Nature - 1842 жылы негізі қаланған әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми баспалардың бірі. Springer Nature компаниясы және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, және қазақстандық университеттерінің стратегиялық әріптестігіне көп уақыт болды. Мысалы, 2006 - 2016 жылдар аралығында Қазақстан ғалымдары Springer-дің 403 журналында 2 133 мақала жариялады. Осылайша, жыл сайын Қазақстан ғалымдары баспаның рейтингі жоғары журналдарында 300-ден аса мақала жариялайды. Бұл шет елде жарияланатын қазақстандық мақалалардың жалпы көлемінің шамамен 15% құрайды.
Шара шеңберінде баспаның вице-президенті Аздаа Котани қазақстандық ғалымдар үшін Springer Nature баспасының мүмкіндіктері мен перспективалары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, қатысушыларға баспаның өнімдері мен журналдары таныстырылды. Springer Nature спикерлері елдік шолу мен Орталық Азия елдері ғалымдарының жарияланымдық белсенділігіне талдау жасап, баспаның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат берді. Шара соңында жас ғалымдарға, авторларға және ғылыми ұйымдардың өкілдеріне жеке кеңестер берілді.