05 Қараша, 2016

Елбасы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161104213250 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады. Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты. Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды.