05 Қараша, 2016

Күн тәртібі нақтыланды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.  Алдағы жалпы отырыста депутаттар экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Сонымен бірге, осы күні мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ. Жалпы отырыста палата жарнама, сондай-ақ, денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдайтын болады.