05 Қараша, 2016

Әзірлік мәселелері талқыланды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының Бас хатшысы Паоло Котта Рамусиноны қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. 2017 жылы Астанада Пагуош қозға­лы­сының мерейтойлық конференциясын өткізуге әзірлік мәселелері талқыланды. Ша­раны жыл сайын 29 тамызда БҰҰ аясында атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орайластыру ұсынылды.