15 Ақпан, 2017

Ақышевтың сөзінен кейін теңге рекордық көрсеткішке нығайды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессияның қорытындысы бойынша бүгін, 15 ақпанда, АҚШ долларының теңге шаққандағы бағамы 320,24 болды. Айта кету керек, бүгін Ұлттық банк төрағасы Парламентте "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша баяндама жасаған еді. Онда ұлттық банк төрағасы Қазақстанның валюта нарығының тұрақталып келе жатқанын айтқан болатын. "Теңге бағамының еркін айналымға жіберілгенінен кейін отандық өндірушілер үшін экономикада жайлы ахуал қалыптасты. Біз ең соңғы рет валюталық интервенция жасаған жоқпыз", - деді бас банкир. Ал таңғы және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша бүгінгі валюта бағамында 1 АҚШ доллары 320,70 теңге болды.
Соңғы жаңалықтар