15 Ақпан, 2017

Екі министрлікке жауапты хатшы тағайындалды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне жауапты хатшы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Болат Тұрғанұлы Төкежанов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», – делінген.