13 Сәуір, 2011

Бүкіл елдің қуанышы

413 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Еліміздің ғылыми-инженерлік қауымдастығы өткен кезектен тыс президент сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын жаппай қолдады деп айта аламын. Оның белсенді де жасампаз қызметі бізге ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі. Дәл қазір Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің қайтадан сайлануына байланысты әлем елдерінің, оның ішінде, барлық ірі державалардың басшыларынан қызу құттықтау алып жатқаны да тектен-тек емес. Мұның өзі біздің Президентіміздің әлемдік деңгейдегі саяси және мемлекеттік қайраткер екенінің айқын дәлелі, ал оның кезекті жеңісі – әлемдік деңгейдегі оқиға. Бұл сайлаудың қоры­тын­дысы шын мәнінде ерекше: халықтың 95,55 пайыздық қолдауын көру халық­ара­лық қауымдастық өмірінде кездесе қоймайтындай жағ­дай. Президенттіктен басқа үміткерлердің өздері Нұр­сұл­тан Әбішұлының даусыз ел жетекшісі екенін мой­ындай отырып, өздерінің де ұсы­ныс-пікірлерін айтты. Ал Президентіміз болса, ха­лық мүддесіне адалдығын, әділдігін білдіре отырып, «біз барлық ескерту, ұсы­ныстарды ескереміз», деді. Ел деген адамның сөзі. Нұрсұлтан Әбішұлы бү­кіл қазақстандықтар риза бол­ғандай, әлемдік қауым­дас­тықта өзінің үлкен абы­ройлы беделін қамтамасыз еткендей талай шын мә­нінде тарихи жасампаздық істерді жүзеге асырады. Сөз­ді ұзаққа созбас үшін, Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президентінің тарихта қалатын іс-әре­ке­ті­нің тек бесеуіне ғана тұжы­рым­дай, қысқа ғана тоқ­тал­сақ та, оның әлемдік дең­гей­дегі кел­беті айқын көрінеді. 1. Н.Ә.Назарбаевтың ал­ғашқы қадамдарының бірі Семей ядролық полигонын жабу болды. Бұл өзі ке­ңес­тік заманда, бүкіл әлемнің тағдыры жаңа арнаға ауы­сар шақта, көп адамның жүрегі дауаламайтын кезде жасалған ерлік болды. Әлі Мәскеудің дегені болып тұр­ған кезде олардан рұқ­сат, келісім сұрамай, Нұр­сұлтан Әбішұлы әлемдік екі саяси жүйенің шарпысқан заманында, жаппай қару­ла­ну бәсекесіне тосқауыл қой­ды деуіміз керек. Сонымен бірге, Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа дәл осындай Невада полиго­нын жабу жөнінде ұсыныс айтуын әлемдік өр­кениетті сақтау жолындағы баға жеткізгісіз үлес қосуы десек ләзім. Бұл шын мәнінде ұлы ерлік еді, бұл үшін біздің Президентіміз Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлы­ғын алуға әбден лайық. Ол өзінің салиқалы ой-өрісі­мен, батыл қадамымен бар­лық елдер мен халықтардың бейбітшілік жолындағы тал­пынысына мықты тұғыр қалады. 2. Қайырымды да батыл жүректі Нұрсұлтан Әбіш­ұлы кеңестік тоталитаризмге қарсы қайыспай қарсы тұ­рып, өткен ғасырдың 3­­0­­-­жыл­­­дары­нан басталған қу­­ғын-сүргін мәшинесін тоқ­татты. 1993 жылдың 14 сәуі­рінде жарық көрген «Жап­пай саяси қуғын-сүр­гін құрбандарын ақтау ту­ралы» Президент Жарлығы мыңдаған қазақстандықтар­дың, түрлі ұлт өкілдерінің абыройлы аттарын өздеріне қайтарып берді. Осынау ерекше адам та­лай­ға арашашы болды, та­лай­дың тағды­ры­на ықпал етті. Со­ның бір мы­салы – мен өзім­мін. 1987 жылы шы­ғар­ма­шы­лық интел­ли­ген­­ция­ның рес­пуб­ли­калық активінде жұрт ал­дын­да мені қор­ғап, ақ­тап алды. Қайта құру дейтін ке­зеңде маған жала жа­был­ған еді. Мен ғана емес-ау, мен сияқты талайларға ара түсті. 3. Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында «Қазақ­стан­дық­тардың ұлттық идея­сының мәні неде?» деген тұрғыда пікірталастар толассыз жүр­ді. Көп адам эконо­ми­када деді, біреулер мәде­ниет­ке, қазақ тіліне мән бер­ді, тағы біреулер нарық­тық қарым-қатынасты алға тосты... Ал Нұрсұлтан Назарбаев болса, өзінің көре­гендігімен қара­пайым ғана идеяны – бар­лық қазақстан­дық­тардың дос­тығын мемлекеттік дәре­жеге көтерді. ТМД елдерінде бірінші бо­лып Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеясы пайда бол­ды. Президенттің оны құру­дағы мақсаты, ол атқарып жат­қан қыруар жұмыстың ауқымы туралы біздер, ҚХА мүше­лері әлемнің басқа елдеріне барған кездерімізде кеңінен айтып жүрдік. Осы ретте ҚХА беделді де­ле­гациясы са­пын­да Ұлы­бри­танияда бол­ға­ным бар. Онда ағылшындар Қа­зақ­стан дейтін ел жайында ғана емес, біздің ерекше Пре­зидентіміз жайында, қо­ғамды ұжымдастыру жо­лын­дағы оның ұйымдас­ты­рушылық тәжірибесін көп сұрады. Былтыр ғана Астанада өткен ЕҚЫҰ Сам­ми­тінің мысалынан да Нұр­сұлтан Әбішұлының ұлт­ара­лық келісім идеясын мем­лекетаралық деңгейге көте­руге күш салып жүр­ге­нін аңғарамыз. Ал мұны әлем­дік қауымдастық құп­тап отырғаны белгілі. 4. Адам белгілі бір сеніммен өмір сүреді, оның бір көрінісі – дін. Адам­заттың ғасырларға созылған тарихында қаншама соғыс­тар болған. Көршілер ұрсы­сып жатады, аймақ ара­сын­да таластар болады, мемлекеттер арасындағы соғыстар тіпті жүз жылға да созы­лады. Солардың көпшілігі дінге байланысты ушығады. Біздің мемлекетіміздің бас­шы­сы бұған дейін ешкім ойламаған, өркениеттер та­рихында кездеспеген идея – біздің халқының ынтымағы жа­расқан, тұрақтылық ор­нық­қан Қазақстан дейтін елімізде әлемдік діндер фо­румын өткізу идеясын ұсы­нып, оны жүзеге асырды. Біздің елімізге әлемнің әр та­рабынан қазіргі кезде жұрт­қа белгілі барлық дін­дердің өкілдері келіп, кең­пейілді қазақ жерінде бейбіт өмірге, ынтымаққа шақыр­ған киелі әңгіме қозғалды. Бұл әңгіме әлемге естілді. Осы жерде де әлемдік жетекшілердің ішінде бірінші болып, әзірге бірегейі бо­лып, жетекші әлемдік және дәстүрлі діндер басшы­ла­ры­ның басын қосып, ынты­мақ­тасудың жаңа бағытын ұсын­ған Нұрсұлтан Назар­баевтың бұл қадамы да бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына әбден лайық деп тұжырымдауға болар еді. 5. Тарихта із қалдырған атақты тұлғалардың ішінде өз өмірбаянын тәуелсіз мемлекеттің жаңа астанасын салумен өрнектегендері сирек. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның бастамашылығымен, оның күш-қуатының арқа­сын­да айтарлықтай таби­ғаты қаталдау өңірде тамаша қала – Астана бой көтерді. Бүгінгі күні ең жаңа мегаполис бүкіл дүние жүзі жұрт­шылығының назарын өзіне аударып отыр. Жақында ғана өткен сайлауда жеңіске жетіп, Қазақ­стан Республикасының Президенті болып сайланған Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың алдағы қызметі де жемісті болатынына, Ұлт Көш­басшысы бастамашы болар игілікті істер қатары толыға түсетініне мен ғана емес, бүкіл республика халқы сенімді дер едім. Сондықтан да қазақстандық ғалымдар мен инженерлер атынан Ұлт Көшбасшысын оның мемлекетіміз бен халқымыздың мүд­десіне қызмет етудегі жаңа кезеңді бастауымен шын жүректен құттық­таймын. Надир НАДИРОВ, ҚР Ұлттық инженерлік академияның бірінші вице-президенті, Ұлттық ғылым  академиясының академигі.