Ақыл-ойға сүйенбей қарабайыр тірлікке бой алдырған елдің ертеңі күңгірт, жүрер жолы бұлыңғыр болатынын уақыт көрсетіп отыр. Ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырда оның жалына жабысқандар ой еңбегі мен дене еңбегін таразы табағында теңдеп, пайдалысы мен зиянын, яғни тарыны қылпығынан ажыратқандардың келешегі кемел, болашағы зор екенін көріп те, біліп те отыр. Осындай ой арқауын отандық ғылым күніне орай Білім және ғылым министрлігі өткізген алқалы басқосуда Астананың зиялы қауым өкілдері таратып айтты.
Кездесуді министр Бақытжан Жұмағұлов ашып, білім және ғылым саласы қызметкерлерінің Елбасы сайлауында белсенділік танытқанын атап өтіп, ғылым мерекесін алдағы уақытта мемлекеттік деңгейде өткізу қажеттігін қозғады. Сонымен қатар ол 2009 жылдың қыркүйек айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ғылымның жаңа моделін белгілеп бергенін, соның аясында дәуір дамуына сай «Ғылым туралы» жаңа Заң қабылданғанын тілге тиек ете отырып, осы құнды құжатты қабылдауға септігін тигізген барлық азаматтарға алғыс айтты. Бірден айтайық, біздің Отанымызда жан-жақты дамыған ғылым да, ғылыми мектеп те, оған ұйытқы болып отырған әлемдік деңгейдегі ғалымдар да бар. Олардың кейбір ізденістері өз мемлекетімізде ғана емес, төрткүл дүниеге де танылды. Ендігі мақсат – сол үрдісті жастармен жалғастыру қажеттігіне тоқталған министр, сондай-ақ ғылымға Елбасының тікелей назар аударып отырғанын, қаржы да бөлініп жатқанын, оқымыстыларымыздың жұмыс істеуіне мүмкіндіктің бар екенін, үздік жобаларға гранттар тағайындалатынын назарға салды. Ғылымды дамытуға жоғарыдан да, төменнен де үлес қосу әрқайсымыздың парызымыз. Мен бүгін Астанадағы ғалымдармен дидарласып, ой бөліссем, алдағы уақытта мұндай жүздесу Алматыда да өтетін болады, деп министр жоғары оқу орындарындағы білім мен ғылым туралы өз байламдарын да ортаға салды. Бүгінгі ғылыми зерттеу университеттері мен институттардың рөлі арта бастады. Алдағы уақытта 20 университетке инновациялық дәреже беру көзделуде деген ол келешекте жоғары оқу орындарының дайындығы мен базасына, білім беру сапасына орай жұмыстар жүргізілетінін, Қазақ еліне 50 университет жететінін, академия мен институттар да осы деңгейде болатынын алға тартып, бір топ ғалымдарға атап айтқанда К.Сағадиев пен Ғ.Есімге, Р.Омаров, А.Әбдіровке және тағы басқаларына «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Ғалымдар атынан сөз алған көрнекті ғалым, Мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев ғылым күнін атап өту үрдісін орнықтыру жөніндегі пікірге өзінің қосылатынын, әсіресе, жастарды ғылымға тарту мәселесі қолға алынып жатқанына ризалығын білдіріп, ғылымды дамыту заман талабынан туындап отырған жағдай, оған керек құжат қабылданды, бағыт-бағдарымыз айқындалды дей келіп, әлі де болса ғалымдардың жалақысы аз екеніне тоқталды. Сонымен қатар, оны көтеру жолдарын ұсынып, алдағы уақытта ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру қажеттігі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
Жалпы, ғылым күніне арналған бұл дидарласу кезінде отандық ғылымның бүгіні мен болашағы туралы толымды ойлар талқыға түсіп, тартымды пікірлер айтылып, жастарды ғылымға тарту арқылы ұрпақтар сабақтастығын өрістету мәселесі сөз болды.
Сүлеймен МӘМЕТ.
• 16 Сәуір, 2011
Ғылымға жастарды тарту ұрпақтар сабақтастығын бекемдейді

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13