16 Сәуір, 2011

Жайық тасып барады жардан асып...

423 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облысы тас­қын судың құрсауынан құтыла алар емес. Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейінің төмен­деуі байқалғанымен, Орал қаласы мен бірқатар аудандардың жағ­да­йы әлі де күрделі. 15 сәуір күні облыстық төтен­ше жағдайлар департаментінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ өртке қарсы күрес қызметі комитеті төрағасының орын­ба­сары Болатбек Омаровтың Жайық өзені бір тәулік­тің ішінде 14 см көтеріліп, қазір су дең­гейі 708 см жеткенін мә­лім етті. Ар­на­сынан та­сып аққан су облыс ор­талығына қа­рас­ты саяжай массивтері мен ша­ғын аудандарды басып жа­тыр. Жайық өзе­нінің қойнауында орна­лас­қан «Жұлдыз» шағын ауда­ны мен №4 саяжай ауылы­ның тұр­ғындарын көші­ру жалғасуда. №26, №5, №10 және №9 орта мектептер мен «Колос», «Жастар» мәдениет үй­лерінде, қо­нақүйлерде ашылған эвакуа­ция­­лық пункттерге 1028 адам жеткізіліп, ыстық тамақпен және медициналық қызметпен қамта­масыз етілді. 900-ден астам тұрғын үйді су басу қаупі төніп тұрған Зеленов ауданына қарасты Мичурин, Дос­тық елді мекендеріне 100 мәшине топырақ пен құм толтырылған 20 мың дана қапшық жеткізіліп, бөгет бекітілді. Су тасқынымен күрес жұмыстарына кәсіпорын-ұйымдар­дан қосымша 40 инженерлік техника бөлініп, тасқынға бөгет болар құмқапшықтар қоры жасақталды. Ешкімнің иелігінде жоқ «Ка­зенный» тоғанында жарылыс жұ­мыстарын жүргізу арқылы Дер­көл ауылы тұрғындарының қауіп­сіздігі қамтамасыз етілді. Төтеншеліктер Қазталов ауда­ны­ның да су тасқынынан зардап шегуі мүмкін екендігін айтып отыр. Қазірдің өзінде Жалпақтал ауылындағы Үлкен өзендегі су деңгейі – 732 см. Тәулігіне 17 см биіктеп отырған су қауіпті белгіден асып, өзен арнасындағы елді мекендерді басып қалуы мүмкін. Оның алдын алу үшін барлық қауіпті аумақтарда жарылыс жұ­мыс­­тары жүргізілуде. Тасқала ау­да­нындағы Махамбет ауы­лын­дағы бір ғана жарылысқа 460 кило тротил жарылғышы қолда­нылды. Ақжайық ауданындағы жағдай да мәз емес. Чижа өзенінен аққан су бұл ауданға да жетіп, қыспаққа алды. Қарағаш ауылындағы 26 үй, Бозобай ауылындағы 11 үй тасқынға төтеп бере алмады.   Киров-Чижа каналы тасып жатқан­дық­тан, Алғабас ауылына да қиындық туып тұр. Қауіпті ау­мақ­та 1300 адам қалып отыр. Тө­тенше жағдайлар министрлігінің МИ-8 тікұшақтарымен 81 адам көшірілді, олардың 52-сі балалар. Судан құтқару қызметі мен же­дел-құтқару жа­сақтары адам­дар­ды көшіруді жал­ғастыруда, ау­дан­ға қо­сым­ша құтқару­шы­лар күші мен жүзу құралдары жөнелтілді. Облыстық тө­тенше жағ­дай­­лар департаменті жедел штабы­ның мә­лім­деуін­ше, қа­зіргі таң­да облыста су тас­қы­нынан зардап шеккен және су астында қал­ған тұр­ғын үйлер­дің жалпы саны 3076-ға жетті, сон­дай-ақ 2100 саяжай жа­­рамсыз. Абы­рой бол­­ғанда, адам шы­­­ғы­ны тіркелген жоқ, 76 бас ірі қара мен 600-ден астам ұсақ мал шығын болды. – Толассыз жауған жаңбыр онсыз да күрделі жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді, – дейді төтеншеліктер. Облыста тек соңғы тәуліктің ішінде 514 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Төтен­ше жағдай орын алғалы бері барлығы 8600 адам су басқан ау­мақтардан шығарылды. Екі ауданда және Орал қала­сының кейбір бөлігінде 5200-ден астам үй электр қуатынан, 768 үй табиғи газдан және 630 абонент байланыстан ажыр­а­тылды. Жағдай әзірге тек Тасқала ау­данында ғана қалпына келе баста­ды. Су қайта бастаған елді мекен­дердің 852 тұрғыны баспана­ларына оралды. Зеленый, Чувашка, Раздольный, Чернояров, Кузнецов және Ақжол ауыл­дарын­дағы мектептерде сабақ тоқта­тылды. Оқушылар сабақтарын тасқын судың қаупі толық сейілгенде ғана жалғастыра алады. Облыс халқы бірнеше күннен бері табиғи апатпен бел жазбай күресуде. Мекеме-ұйымдардың қыз­­­мет­керлері мен еріктілер то­бы құт­қару­шыларға тәулік бойы көмек көр­сетуде. Жеке көлігімен келіп адам­дарды көшіруге атса­лы­сып жүр­гендер де бар. Сын сағатта тө­зім­ділік пен ұйым­шыл­дық та­нытқан батысқазақ­стан­дықтарға Үкі­мет қар­жылай қол­дау көрсетуге дайын екендігін мә­лімдеген бола­тын. Қазір құра­мына Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Денсаулық сақтау министрліктері мен құры­лыс істері және тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық агентті­гінің маман­дары енген Үкі­мет комиссиясы апат сал­дарынан бол­­ған материалдық шығын кө­лемін анықтауда. 14 сәуір күні Тө­тенше жағдайлар министрі В.Божко мен облыс әкімі Б.Із­мұхамбетов комиссия мүшелерімен бірге тікұ­шақ­пен облыс аумағын айнала ұшып өтіп, қалыптасқан жағ­дайды бағдарлап қайтқан бола­тын. Үкі­меттен жедел түрде бө­лін­ген қомақты қаржы ең алды­мен басты үш бағытқа жұмса­латын болады. Атап айтқанда, су шайып кеткен 50 шақырым жол мен көшелерді, 12 шақырым электр және газ желілерін қалпы­на келтіруге пайдала­нылады. Со­нымен қатар үй-күйсіз қалғандар үшін қалада көп қабатты тұрғын үй, ал Зеленов ауданында жаңа ауыл бой көтеріп, қоныс­тану­шы­ларға берілетін болады. Жөн­деу­ге келетін үйлер қалпына келтірілмек. Облыс әкімі Бақтықожа Із­мұ­хамбетов жай-күйсіз қалған сая­жайды мекендеушілерге де мей­­лінше көмек көрсеті­ліп, өтем­­ақы төлеу қарастыры­латы­нын айт­­ты. Жалпы, қамқорлықты қа­жет ететін осындай тұрғындарға кө­мек көр­сету үшін ірі бизнес ком­па­ния бас­шыларына үндеу жолдан­ған.  Тө­тенше жағдайлар министрі В.Божко тұрғын үй салу мәселесін мамыр айынан кешіктірмей қолға алып, сал­қын түспей бітіру қажет­тігін айтты. Сол сияқты су астында қалған ауыл шаруашылығындық жерлер мен мал шы­ғынын да есептеп, өтем­ақыны төлеу жәйін әкімдер заң­гер­лермен, депутаттармен біріге шешуі тиіс. Батыс Қазақстан облысы. Темір ҚҰСАЙЫН. Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛИЛОВ.