Көз алдындағыны көрмейтін, аяғының астындағыны байқамайтын адамға қазақ: «Ай қарап жүрсің бе?» дейді кейіп. Ал мен ай қарап жүрмін. Тура мағынасында. Күнде түнде ай туысымен аспан аруын іздеймін. Бұлттардың арасына жасырынып қалса да, аспанға қараумен боламын. Неге дерсіз? Себебі мынау...
Өткен демалыс күндері ауылға бардық. Шиелі ауданының Еңбекші ауылына. Күн сенбі еді. Қарашаңырақтың түтінін түтетіп отырған Бектөре ағам біртүрлі әңгіме бастады. Әдетте томаға-тұйық, ішіндегісін сыртқа көп жаймайтын адамның ашылып сөз бастағанына тосырқап отыр едік. Айтқан әңгімесі құйқамызды шымырлатып жіберді.
– Кеше түнде далаға шықтым. Аспанға қарап едім, ай үшеу болып тұр екен, – деді ағам. Алғашында әзілі ме деп бетіне қарадық. Түрінен қалжыңның нышаны байқалмайды. Қапелімде мұндай сөз естиміз деп пе едік? Алдымен аузымызға: «Түнде не ішіп едіңіз?» деген сөз түсіпті. Жасы алпысты алқымдап қалған ағамның арақ атаулыға жоламайтынын біле тұрсам да, осы сұрақ отыз екі тістің арасынан суырылып шығып кетті. «Ештеңе», деп бір тоқтаған Бекең әңгімені одан әрі жалғады.
– Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясын» оқып едім. Ұзақ уақыт кітап оқығаннан көзім талған шығар деп ойладым. Екі көзімді уқалап аспанға қайта қарадым. Ай үшеу. Сосын ұзақ уақыт көзімді жұмып тұрдым. Тағы үшеу күйінде. Жетіқарақшыға қарадым. Ол – жетеу. Темірқазықты іздедім. Жалғыз өзі жарқырап тұр. Ақбозат пен көкбозатқа қарадым. Олар екеу. Айға қайта қарадым. Үш ай әлі тұр, – деді ағам.
Өз көзіне өзі сенбеген Бекең қыздарын шақырады үйден. Үш қызы қатар шығады. Олар да үш айды көреді. Таң-тамаша болған күйінде үйге кіреді. Қалтафонның таспасына суретке түсірмек болған екен. Оның аспандағы үш айды түсіруге шамасы жетпепті.
Осы әңгімені құрдастарына айтыпты. Олар әбден мазақ етіпті. Сөйтіп тұрғанда көрші ауылдың Базарбай деген адамы келе қалды. Құрдастары ағамды мазақтап, ана кісіге үш айдың хикаясын айта бастайды. Сонда Базарбай:
– Оны неге мазақтап тұрсыңдар? Мен бейсенбі күні түнде екі ай көрдім. Бірақ жұрт мынау «жынданайын депті» демесін деп ешкімге айтпаған едім,– дейді жұлып алғандай.
Үш айдың көрінуін түрлі себептерге болжап отырдық. Сәлден кейін әкем келді. Оған айттық. Сосын: «Айтпақшы, осы үш айдың суреті «Өскен өңірге» шықты ғой. Соны көрейік», демесі бар ма?! Ал келіп аудандық газетті іздейік. Таппаймыз. Алғашында мен аудандағы журналистердің 1 сәуірге халықты алдағаны шығар деп ойладым. Бірақ сәуірдің 1-іне газет шықпаған. 30 наурыз күні жарық көрген. Дегенмен үш айдың суреті басылған нөмірді таппадық. Дүйсенбі күні азанмен аудандық газеттің редакциясына бардық. Сурет 26 наурыз күнгі нөміріне жарияланыпты.
Асанғали Сағындықұлы деген азамат тұрады ауданда. Өзі «Өскен өңірдің» ардагері. Бүгінде зейнетке шыққан. Сол кісі таңғы намазға оянады. Далаға шықса, үш айды көреді. «Біссмілләсін» айтып, «әлхамдулласын» қайырса да үш ай көзіне көріне береді. Содан жалма-жан үйіне кіріп, фотоаппаратын алып, үш айды таспаға басып алады. Оны аудандық газетке әкеледі. Алтай аға (Алтай Айып «Өскен өңір» газетінің директоры – Е.Б.) үш айды газетке басып жібереді.
Сонымен шығатын қорытынды не? Шиеліде үш айдың көрінгені анық. Куәгерлер жеткілікті. Оның үстіне суреті бар. Ал енді осының себебіне үңіліп көрейікші. Өткенде әлемдік ғалымдар айдың жерге жақындайтынын айтқан. Бірақ ол мезеттен өтіп кеттік. Ғаламдық ғалымдар айдың жерге жақындап, қайтадан өз осіне кеткенін айтады. Енді не? Мүмкін атмосферадағы тозаңдардың көбейгенінен айдың беті мұнарланып көрініп тұрған шығар? Илануға болатын сияқты. Дей тұрғанмен, толықтай сендіре алмайды. Әлде әйгілі Май тайпасының айтқаны келейін деп тұр ма? Олар 2012 жылы ақырзаман болады деп еді ғой. Мынау соның нышаны ма? Астафыралла! Ойласаң, зәрең зәр түбіне кетеді.
Жалпы, қандай істе болмасын жақсы сөйлеу парыз. Мұны да қазақы ырымшылығымызға салып жақсылыққа балайық. Мүмкін, менің ағам тарихи сәттің куәгері болған шығар...
Ержан БАЙТІЛЕС.
Қызылорда облысы.

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47