Футбол • 01 Мамыр, 2017

Футзалдан «Қайрат» қола жүлдегер атанды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда футзалдан УЕФА кубогы финалының үшінші орынға талас ойыны өтті.

Футзалдан «Қайрат» қола жүлдегер атанды

Қола үшін таласта ел чемпионы «Қайрат» пен Ресейдің «Югра» командасы кездесті. Бірінші таймда қос команда 2 голдан соқты. Ал екінші таймда отандастарымыз барынша сақ қимылдады. Диванейдің қос голының арқасында жеңіске жақын тұр едік. Дегенмен, матчтың аяқталуына 20 секунд қалғанда ресейліктер есепті теңестірді. Есеп 5:5.

Пенальти сериясында «Қайрат» басым түсіп, қола жүлдені иеленді.

«Газпром-Югра» (Югорск, Ресей) 5:5 «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – (пенальти 2:3)

Голдар: Шаяхметов, 2 (1:0); Дрот, 9 (1:1); Кайо, 14 (2:1); Давыдов, 16 (2:2); Лысков, 23 (3:2); Тайеби, 25 (3:3); Кабреува — Зонардо, 33 (3:4); Диваней — Менино, 37 (4:4); Диваней — Менино, 39 (4:5); Марсенио, 40 (5:5)

«Югра»: Купатадзе, Шаяхметов, Афанасьев, Марсенио, Давыдов, Слемзин, Копейкин, Лысков, Эдер Лима, Котляров, Кайо, Чишкала, Сигнев, Катата

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней, Ронкальо, Жаманқұлов, Тайеби, Сүлейменов, Дуглас Нуньес, Эвертон, Дрот, Кабреува, Есенаманов

Соңғы жаңалықтар