«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында елімізде түрлі ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әлемде баламасы жоқ қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы берекенің ұйытқысына айналды.
Ынтымақ пен бірлік – Қазақстанның басты байлығы. Ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін.
Мерекеден мерекеге жақсылықпен, жаңа табыспен жете берейік», делінген хабарламада.