17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №327

683 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
2010 жылғы 9 желтоқсан №327 Астана қаласы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар» бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы  Д.ҚҰСДӘУЛЕТОВ. Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 09 желтоқсандағы № 327 бұйрығымен  бекітілген «Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына  қойылатын талаптар» 1. Жалпы ережелер 1. Осы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) ха­лықаралық бағалау стандарттарын пай­далана отырып, «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) негізінде әзірленді және бағалау туралы есептік нысаны мен мазмұнына, бағалау туралы есепте пайдаланылатын ақпа­ратқа, сондай-ақ әдіснамада және есеп­теуде қолданылатын бағалау тура­лы есептегі сипаттамаларға қойыла­тын талаптарды белгілейді. 2. Осы Талаптар Қазақстан Рес­публикасының аумағында бағалау қыз­метін жүзеге асыру кезінде қолда­нуда міндетті болып табылады. 3. Бағалау туралы есеп бағалау жүргізуді қорытындысы бойынша жа­салады. Бағалау туралы есеп Заңға, осы Талаптарға, халықаралық стан­дарт­тарға және бағалау қызметі стан­дарттарына сәйкес жасалған құжатты білдіреді. 4. Есептің тапсырысшысы – бағалау объектісінің меншік иесі немесе бағалау туралы шартты жасауға құжат түрінде расталған негіздемесі бар өзге де адамдар, сондай-ақ заң­намада белгіленген жағдайларда сот немесе уәкілетті орган.   2. Бағалау туралы есеп нысанына қойылатын талаптар 5. Бағалау туралы есеп: 1) тексерілген күні, осы кезде қатысып отырған бағалаушының, тап­сы­рысшының және/немесе меншік иесінің Т.А.Ә. көрсетілген бағалау объектісін тексеру актісін қамтиды және жоғарыда көрсетілген адамдар­дың қолымен куәландырылады; баға­лау объектісі қаржылық мүдде немесе басқа да материалдық емес бағалау объектілері болып табылатын жекелеген жағдайларда тексеру актісі міндетті емес; 2) құнымен айқындалатын есептеуді жүргізуге және есепке сараптама жасау кезінде ұқсас нәтижелерге әке­луге мүмкіндік бере отырып, бағалау объектісі жан-жақты сипатталатын; қағаз тасымалдағышта шығары­латын және бағалаушының мұраға­тында бес жыл бойы сақталатын есептің данасына қоса берілетін көзге нақты сілтемелермен расталған; егер ұлттық бағалау стандартта­рына сәйкес міндетті болып табыл­маса, бағалау жүргізу кезінде артық болмауы және пайдаланылмауы тиіс елеулі ақпаратты; 3) бағалау стандарттарына сәй­кес құнын есептеуді жүргізу негізделетін, қолданылатын амалдар мен тәсіл­дердің қысқаша сипаттамасы қамтиды. Нысан мен мазмұн бойынша есеп Заңның талаптарына, бағалау стандарттарына сәйкес келуге тиіс; 6. Тұрғызылмаған объектіге немесе бағалау қызметі саласындағы нор­мативтік құқықтық актілердің та­лаптары, бағалау стандарттары бұзы­лып, бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге де құнын бұрмалауға әке­летін шынайы емес деректерді бағалау туралы есепте пайдаланып жүзеге асырылған баға шынайы емес баға деп танылады. 7. Алғашқы беттен басқа, бағалау туралы есептің парақтары беттері бойынша нөмірленеді, тігіледі және бағалауды жүргізген бағалаушылар әр бетіне қол қояды, бұл ретте факсимилені пайдалануға жол беріледі. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және жеке кәсіпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрімен куәландырылады. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғаның есебіне бағалаушылар қол қояды, заңды тұлғаның басшысы бекітеді және мөрмен куәландырылады. 8. Есептің шектеулі жағдайла­рында есепті толығымен, бөліктерімен немесе жекелеген сілтемелермен, есепте қамтылған деректерді, бағалау­шының аты мен кәсіби тиесілігін оның жазбаша келісімінсіз жариялауға тыйым салынады. 9. Шартта белгіленген тапсырыс­шының талаптарына сәйкес бағалау туралы есеп мынадай шарттар сақтала отырып, орындала және тапсырыс­шыға электронды түрінде беріледі: 1) жіберілген есеп бағалаушыда қатаң дискіде есептердің электрондық базасында және көшірмесі лазерлі дискіде сақталады; 2) есеп автордан басқаға, оған өзгерістер енгізуден есепті сенімді қорғауға мүмкіндік беретін форматта беріледі; 3) мұрағатта қағаз тасымалда­ғыш­тағы данамен есепті жіберушінің электронды мекенжайы, есепті берген оператордың Т.А.Ә., қабылданған күні мен уақыты туралы мәліметтері бар файлдардың басып шығарылғандары, сондай-ақ тапсырысшының есепті алғанын растайтын ақпарат тігілуі тиіс; 4) егер тапсырысшыға электрон­ды тасымалдағышта есепті беру талап етілген жағдайда, электрондық есеп бағалаушыда электронды цифрлық қол таңбасы болған кезде ғана қолда­ныстағы заңнамаға сәйкес ұсынылады, бұл ретте бағалаушының мұрағатында тапсырысшының осы есепті қабыл­дағаны туралы қолбелгімен қағаз та­сы­малдағыштағы есептің нұсқасы сақталуы тиіс.   3. Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын талаптар 10. Бағалау объектісінің түріне қарамастан, бағалау туралы есепті мынадай міндетті бөлімдер мен бөліктер қамтылады: 1) алғашқы парақ; 2) ілеспе хат (тапсырысшының келісім бойынша); 3) есептің мазмұны; 4) біліктілік мінездемелі көрсе­тілген бағалаушылар мен орындау­шылардың тізімі; 5) есеп туралы жалпы мәлі­меттер; 6) бағалау объектісінің жалпы мәліметтері және сипаттамасы; 7) есептің есептеу бөлігі; 8) есептің қорытынды бөлігі; 9) қосымша. Осы тармақтың 1-6) тармақша­ларында санамаланған есептің бөлік­тері оның қосымшаларын есептемегенде, есептің мазмұнының жарты­сынан аспайды. 11. Алғашқы парақ мынаны қамтуы тиіс: 1) есептің атауы; 2) есептің нөмірі; 3) есептің жасалған күні; 4) объектінің атауы және орна­лас­қан жері; 5) бағалау күні; 6) бағалау туралы шарттың нөмірі және жасалған күні; 7) айқындалатын құнның түрі (типі); 8) тапсырысшының толық атауы немесе Т.А.Ә., оның орналасқан жері, банктік деректемелері; 9) бағалаушының толық атауы немесе Т.А.Ә., оның орналасқан жері, банктік деректемелері, бағалаушы мүше болып табылатын Палата; 10) мөрмен куәландыру, есепті бекіткен адамның Т.А.Ә. және қолы. 12. Ілеспе хатта мыналар қам­тылады: 1) бағалау мақсаты мен ны­санасы; 2) бағалау объектісін сәйкестен­діретін жалпы ақпарат; 3) есепте пайдаланылған бағалау амалдары мен әдістері; 4) бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы. 13. Есептің мазмұны беттері көрсетілген оның құрамына енген бөлімдерді (кіші бөлімдерді) көрсетеді. 14. Есеп туралы жалпы мәліметтер: 1) Бағалау тапсырмасы: бағаланатын объект; объектінің меншік иесі; объектінің орналасқан жері; бағаланатын құқық; бағалау мақсаты; бағалау түрі (бастамашылық немесе міндетті); бағалау нысанасы (не үшін объект бағаланады) және кез келген осымен болжанатын шектеу; бағалау күні (бағалау жарамды болатын күн немесе уақыт аралығы) және есептің күні; бағаланатын мүліктің (жылжыма­лы, жылжымайтын мүлік, жұмыс істейтін кәсіпорын (бизнес) немесе бағалауға жататын басқа да мүлік, сондай-ақ негізгі объектіден бөлек бағалауға енген мүліктердің басқа да сыныптары) сәйкестендірілуі; мүліктік құқықтардың сәйкес­тендірілуі (жеке немесе мемлекеттік мен­шік, жеке кәсіпкерлік, ЖШС, АҚ немесе ішінара құқық, мысалы, жалға алу); белгіленетін құнның базасы мен типінің анықтамасы; 2) Бағалаушының біліктілік мінездемесі: егер бағалауды бағалау компания­сы орындаса, бағалаушы – заңды тұлғаның лицензиясы туралы мәлімет; бағалаушының азаматтық-құқық­тық жауапкершілігі туралы мәлімет; лицензиясының болуы және қан­дай Палатаның мүшесі болып табыла­тындығы туралы мәліметтер көрсетіл­ген бағалаушылардың тізімі; 2) Бағалауды жүргізу кезінде бағалушы пайдаланған жорамалдар мен шектеу шарттары; 4) Бағалау кезінде пайдаланылған құжаттар тізбесі: бағалау үшін пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілер; бағалау стандарттары; бағалаушы пайдаланатын және ба­ға­лау объектісінің сандық және сапа­лық сипаттамасын белгілейтін құжаттар тізбесі; оларды алған көздері көрсетілген бағалау жүргізу кезінде пайдаланылған деректер тізбесі; 5) Есепте қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. 15. Жалпы мәліметтер және бағалау объектісінің сипаттамасы: бағалау объектісі тексерілген күн; объектінің сипаттамасы мен жай-күйі; объектінің құрамы; бағалау объектісінің нысаны мен ағымдағы пайдаланылуы; бағалау объектісі орналасқан жердің сипаты; бағаланатын объектінің негізгі сипаттамаларының сипаты, тиісті стан­дарттарда белгіленетін құрамы; кәсіпорындарды және ірі жыл­жы­майтын мүлік объектілерін бағалау кезінде несие беру мақсатында қосым­ша көрсетіледі: өңірдегі жалпы экономикалық ахуалға және әлеуметтік-экономика­лық ахуалға шолу; бағаланатын объектінің нары­ғын­да ағымдағы белсенділік пен бета­лыстарға шолу; салалық шолу (егер белгілі бір тауар­ларды (қызмет көрсетулерді) өн­діру ұйымдастырылған мүлік кешені­нің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік бағаланатын жағдайда жасалады). 16. Есептеу бөлігі мынаны қамтиды: 1) Бағалау әдіснамасы: үш амалдағы әдіс мәнінің қыс­қаша жазылуы және осы есепте қолда­нылған амалдарды таңдау негіздемесі; таңдап алынған амалдар/әдістер қол­данылған бағалау процессінің сипаты; 2) Шығындық амал әдісімен орындалған есептер мынаны қамтиды: шынайы ақпарат көзіне сілтемемен бағалау объектісінің толық қалпына келтіру құнының есебі; жинақталған тозу есебі; 3) Нарықтық әдіс амалымен орындалған есептер мынаны қамтиды: салыстырылатын объектілерді (ке­мінде екеу) таңдау; салыстырылатын объектілер ту­ра­лы ақпарат көздері, соның ішінде: баспа басылымы үшін баспаның атауы, жылы, баспаның нөмірі, бет­тердің нөмірі көрсетіледі; Интернет-ресурстар үшін сілтеме, Интернет-ресурстың атауы және /немесе компанияның атауы, тиісті сілетеме жүгінген күні көрсетіледі; электрондық почтамен алынған деректер басып шығарылады және қағаз нұсқасында тігіледі; әрбір салыстырылатын объект үшін салыстыру бірілігі құнының түзетілген мәнінің есебі; 4) Кірістік амал әдісімен орын­далған есептер мынаны қамтиды: ақша ағынының болжамы; кірістер мен шығыстар шама­сының есебі; дисконт ставкаларының және (не­месе) капиталдандыру ставкалары­ның есебі; терминалды (реверсиялық) құн есебі (қажет жағдайда); нарықтың құнның есебі; 5) «Бағалау нәтижелерін келісу» бөлімі мынаны қамтиды: бағаланатын мүліктің ерекшеліктерін талдауға және бағалау нысанасы­на негізделген бағалау нәтижелерін келісу әдісінің негіздемесі. Оған байла­нысты қорытынды құн ретінде тек бір нәтиже немесе мүлікті бағалаудың бірнеше алынған нәтижелерінің салмақты шамасы қабылданады. 17. Қорытынды бөлік объект құнының шамасы туралы жиынтық қорытындыны қамтиды. Құнның қорытынды шамасы Қазақстан Республикасының валюта­сын­да (теңгемен) көрсетіледі және жақ­шада осы соманы жазбаша толық жазылған мың теңгеге дейін дөңгелен­ген цифр түрінде көрсетіледі. Тапсы­рыс­шымен уағдаластыққа сәйкес қорытынды баға бір теңгеге дейінгі дәлдікпен көрсетілуі мүмкін. Төменде «Бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы, егер бағалау тура­лы есеп жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге немесе көпшілік оферта ұсыныл­ған күнге дейін алты ай өтсе, бағалау объектісімен мәміле жасау мақсаты үшін ұсынылады деп танылатындығы» көрсетіледі. Есептің қорытынды бөлігіне ба­ғалау және есепті жасау жұмыстарына қатысқан бағалаушылар қол қояды. 18. Есепке қосымшаларда мыналар қамтылады: 1) осы Талаптың 5-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бағалау объек­тісін тексеру актісі; 2) Палатаға мүшелік туралы куәліктің көшірмесі; 3) бағалау объектісінің фотосуреті (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалды мүлік үшін); 4) есептеу кестелері (егер олар болса); 5) кәсіпорындардың активтер тізбесімен және олардың нарықтық құнымен кестелер (қажет кезде). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы  20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6688 болып енгізілді.