28 Мамыр, 2011

Өрендер атамекенін аңсайды

433 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Президенттік мәдениет ор­та­лығында Дүние­жүзі қазақ­та­рының IV құрыл­тайы аясында шетелдегі қазақ диаспорасы мен оралман жас­тар­дың қол­өнер туындылары­ның көрмесі өтті. Үлкен тарихи оқиға шең­берінде ұйым­дас­тырылған бұл көрменің көз­де­ген мақсаты –  шетелдегі және еліміздегі қазақ жастарының шығармашылық байланысын нығайтып, ұлт­тық мұрамыз бен мәдение­тімізді дамыту. Арқа төсіне әлемнің әр түк­пірі­нен жиналған қолөнер шебер­лері­нің көрмесін Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары Сұл­тан­әлі Балғабаев ашып, шараның ерекшелігіне тоқталды. «Біздің Дүниежүзі қазақтары қауымдас­ты­ғының негізгі міндеттерінің бірі – шетелдегі ағайындармен рухани және мәдени байланыс ор­нату. Оның ішінде шетелде жүрген дарынды жастарды: суретшілерді, композиторларды, ән­шілерді, спортшыларды Қазақ­стан­ға тарту. Осы жағынан ал­ғанда, бұл көрменің мән-маңызы айрықша», – деді ол өз сөзінде. Бұдан кейінгі кезекте сөз алған Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбек жас­тардың туындыларына ең ал­дымен қазақтың ұлттық дәс­түр­ле­рі мен әдет-ғұрыптары арқау етілгенін айта келіп, болашақта олар қазақ мәдениеті мен бейнелеу өнерінің дамуына өз үлес­терін қосады деп сенеміз», – деп жастарға үлкен үміт арта сөйледі. Көрмеге Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан секілді елдерден келген, кейін Т.Жүр­генов атындағы Өнер академиясын және Қыздар педагогикалық уни­верситетін бітірген жастар­дың суреттері, сондай-ақ кескіндеме, графика, мүсін, гобелен, сәндік қолданбалы өнер бағы­тындағы туындылары, шебер қол­дан шық­қан, оның ішінде сүй­ектен, теріден, ағаштан, металдан жасалған зергерлік бұй­ымдар мен кестелі дүниелер қойылыпты. Көрмеге туындылары қой­ыл­ған жастардың бірі –  Абай Ақыл­ұлының атамекеніне келгеніне 8 жыл болыпты. Қытайдың Алтай аймағынан келген ол Ал­матыдағы Т.Жүргенов атын­дағы Өнер академиясын тә­мамдаған.  Бүгінде «Мектеп» бас­пасындағы көркемдеу редак­ция­сының жетекші дизайнері және суретшісі болып қызмет етеді екен.  Дү­ниежүзі қазақтары құрылтайы ая­сындағы шығар­ма­шылық шараға өзінің «Аманат» деп аталатын графикалық  бағыт­тағы 5 туын­ды­сын  алып келіпті. Оларда  «Бет­ашар», «Бесік той», «Тұсау кесу» сынды қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәс­түрлері бейнеленген.  Ал кезінде Моң­ғолияның Баян-Өлгий қала­сында туған, Т.Жүргенов атын­дағы Өнер академиясын бітірген Гүл­назым Өмірзаққызы бүгінде қа­зақтың байырғы бізкесте өнерін дамытып жүрген дарынды бойжеткен. «Мен қазір осы бізкесте өнерін заманауи бағытқа сай өзімнің картиналық туынды­ларыма пайдаланып жүрмін», – дейді ол. Сонымен, бұл күнгі өнер көр­месін қорытындылаған Қазақ­стан Суретшілер одағының төр­ағасы Байтұрсын Өмірбек бір­қатар жастарды марапаттады. Сала мамандарының бағалаулары бойынша,  3-ші орынды Ержан Юсу­пов пен Гүлназым Өмірзақ­қызы, 2-ші орынды Абай Ақыл­ұлы мен Оралбек Қабөке деген жастар еншілесе, 1-ші орынның жүлдесі Қытайдан келген қан­дасымыз Бауырхан Жалынға бұй­ырды. Ал көрменің бас жүлде­сіне Қытайдың Алтай аймағынан келген Толқын Табысбек лайық деп табылды.    Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.