28 Мамыр, 2011

Ұрылардың артында кім тұр?

423 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мен маңдай термен мал жиып, соны тіршілігіме арқау етіп отырған адаммын. Осылайша өзімше тіршілік етіп, шаруа жасап жатқаным үшін  Елбасының саясатына ризашылығымды білдіремін. Президент біздің адал еңбек етіп, мол табыс та­буымызға жол ашты. Алайда, осы жо­лымызды торуылдап, жи­ған-тергенімізді ұрлап әкететін ұйым­дас­қан ұрылар күн көрсетпей барады. Оларды қорғайтын сыбайластары да жоқ емес. Өйткені, 2010 жылы 28 наурызда жекеменшік 8 ірі қара малымды ұрылар айдап әкетті. Содан көмек сұрап бармаған жерім, ашпаған есігім қалмады. Бірі ұрыларды табуға атса­лыс­­пады. Олардың ішінде Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті де бар. Амал не, іс жабулы күйінде қала берді. Әрине, бұдан кейін мен де жабулы қа­зан  жабулы күйінде қала берсін дер едім, бірақ дәніккен ұрылар үстіміздегі жылы наурыз айында анау-мынау емес 10 бірдей ірі қара малымды тағы айдап әкетті. Із-түзсіз кет­ті. Күдікті бар, бірақ қылмыс ашыл­май­ды. Себебі белгілі. Жалғыз менің ғана малым ұрланып табылмай жатса бір жөн. Жоқ, жаппай ұрлық болып жатыр. Аққұм, Еңбек, Мәдениет, Ақарық елді мекендерін сыбайласқан ұрылар сан соқтырып  отыр. Осы ауылдардағы малын жоғалтқан адам­дар­дың арыздары Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінде шаң басуда. Бұл қыл­мыс­ты аудандық, тіпті облыстық ішкі істер органдарының ашуға құдіреті жетпейтіндей оның артында қандай дөкейдің тұр­ға­ны белгісіз. Ал біз не істейміз? Ұрланған  ма­лымызды қайтара алмаса, одан әрі ұр­ла­на берсе және ол ұрылар қылмыскер­лер­мен ауыз жаласып тайраңдап ойран сала берсе, бізге мұндай құқық қорғау органынан пайда не? Кім бізге қолұшын бере алады? Нұрғиса МАНАРБАЕВ, фермер. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылы.