Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ – Венадан.
Оқырмандарымызға белгілі болар, биылғы жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалары үштігінің мүшесі ретінде ЕҚЫҰ-ның Азиядағы әріптестерімен ынтымақтасу жөніндегі байланыс тобына басшылық етеді. Бұл топқа 56 мүше мемлекетке қоса ынтымақтастық бойынша әріптес дәрежесіне ие алты азиялық ел – Австралия, Ауғанстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Таиланд және Жапония кіреді. Әдетте, әріптес дәрежесіне ие елдер ЕҚЫҰ-ға толыққанды мүше болып табылмайды, алайда ұйым жұмысына белсенді қатысады. Азиядағы әріптестер тобымен бірге ЕҚЫҰ-да Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіретін жерортатеңіздік әріптестер бар екенін атап өту қажет. 2009 жылы Қазақстан Үштіктің жаңадан қосылған мүшесі ретінде ЕҚЫҰ Жерорта теңізі аймақтық әріптестерімен ынтымақтасу жөніндегі байланыс тобына төрағалық еткен болатын. Қазір бұл топты Ирландия басқарады. Ынтымақтасу жөніндегі Азиядағы және Жерорта теңізі әріптестерімен өзара ықпалдасу механизмінің негізі ақпарат алмасу мен ортақ қызығушылық туындататын мәселелерді талқылау үшін Тұрақты кеңес шеңберіндегі байланыс топтардың бейресми жиналыстар, бірлескен кеңестер, семинарлар және практикумдар өткізу, әріптестердің сайлауларды бақылау жөніндегі миссияларға қатысу және қызметкерлерін ЕҚЫҰ-ның далалық миссияларына жіберу мүмкіндігінде жатыр. Ынтымақтастық жөніндегі барлық әріптестердің өкілдері жоғары деңгейдегі кездесулерге, министрлер кеңесінің басқосулары мен қауіпсіздіктің үш өлшемінде қабылданған міндеттемелердің орындалу барысын қарастыру жөніндегі жиналыстарға шақырылып отырады. ЕҚЫҰ-ның Азиядағы әріптестерімен ынтымақтастығы 90- жылдардың басында басталған еді. Ұйымның алғашқы азиялық әріптесі 1992 жылы Жапония болды, содан кейін Корея Республикасы (1994 ж.), Таиланд (2000 ж.), Ауғанстан (2003 ж.), Моңғолия (2004 ж.) және Австралия (2009 ж.) қосылды. Елордамызда 2010 жылы желтоқсан айында өткен ЕҚЫҰ-ның мемлекет және үкімет басшылары саммитінің Астана декларациясында әріптес елдермен ынтымақтастық деңгейін көтеру қажеттілігі айрықша аталған. Құжатта «аймақтың қауіпсіздігі көршілес аймақтардың қауіпсіздігімен тығыз байланысты, әсіресе, Жерорта теңізі аймағы мен Азияда», делінген. Улан-Баторда әріптестіктің бірқатар нақты мәселелері қаралды. Іс-шара ашылуында Моңғолияның сыртқы істер және сауда министрі Гомбоджав Занданшатар, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағалық атынан Литва сыртқы істер министрі Эвалдас Игнатавичус және Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов сөз сөйледі. Литва өкілі Іс басындағы төраға Аудрониус Ажубалистің жуырдағы Ауғанстанның Құндыз провинциясына сапары жайында баяндап берді. Ол орта лауазымдағы ауғандық дипломаттарды оқыту бойынша жобаның маңыздылығын атап өтті. Аталған жоба Қазақстанның қолдауымен биылғы жылы алғашқы рет жүзеге асырылады. Осы оқыту курстарының мәселелерін пысықтау үшін Улан-Баторда Қазақстан басшылығымен арнайы мәжіліс өткізілді. Конференция кезінде сондай-ақ, есірткінің заңсыз айналымы тәрізді трансұлттық қауіп-қатерлерге төтеп беру мәселелері қаралды. Басқа тақырыптар қатарында халықаралық экономикалық ынтымақтастық, әсіресе, көлік және энергетикалық қауіпсіздік бар. Адами өлшемдегі талқыланған мәселелер адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды нығайту болды. Конференция екі күнге созылды.Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14