03 Маусым, 2011

Киіктің киесін кім ойлайды?

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоганн Меркельдің төрағалығымен өткен өңір­ара­лық кеңесте ақбөкен­дерді заң­сыз аулау және оны сатумен ай­налысатындарға қылмыстық жауапкершілікті қатайту керектігі айтылды. Бөкен атып, мүйізін шетке сататындар заңның жұм­сақтығынан тайраңдап, басқа шы­ғуға айналды. Қазір Қоста­най қаласындағы кез келген аялдамада «Ақбөкен мүйізін сатып аламын» деген хабарламалар ілу­лі тұр. Бөкеннің ізіне түскен­дердің берген азын-аулақ тиын-тебеніне қызыққан ауыл тұрғын­дары табиғатты қорғау ісінде тұрлаусыздық танытады. Олар браконьерлерге киік жайылатын аймақтың жолын көрсетеді. Міне, тек қолына мылтық ұстаған браконьерлерді ғана емес, олар­дың пайдасына жанамалай ор­тақтасып, киіктің қырылуына осы­лай «үлес» қосатындарды да жауапкершілікке тартуды қа­тайт­­­п­аса, кейінгі ұрпақ киікті суреттен қарап қалары әбден мүм­­кін. Дала сұлуын қорғап, оның санын қалпына келтіруде ын­тымақтаса жұмыс істеу туралы Қазақстан­мен келісімге келген көрші Ресей мен Өзбекстан ақ­бөкенді өздері­нің «Қызыл кіта­бы­на» енгізді. Оларда соған сәйкес киіктің бағ­зы түрін сақтаудың түрлі шара­лары жасалуда. Ал мамандар Қ­а­зақ­станда ақбөкенді «Қызыл кі­тапқа» енгізуге әзірге сонша­лық­ты мәжбүрлік жоқ екенін айтады. Браконьерлер қырып кеткен ақбөкен өлексесі табылған сайын ол бойынша қылмыстық іс қоз­ғалады. Бірақ кінәлі адамның нақ­ты анықталмауына байла­нысты ол іс қысқартылады. Бас Прокурордан бірінші орынбасары Иоганн Меркель Ішкі істер министрлігінен браконьерлік фактілерін дер кезінде анықтау және оладың жолын кесу, осы санаттағы қылмыстық істерді ашу, тергеу сапасын арт­тыру үшін пәрменді шаралар қа­былдауды тапсырды. Табиғат­ты қорғау, аң­дар­ды заңсыз ау­лауға, браконьерлік жолмен құр­туға қарсы күресті реттейтін барлық заңна­малар жұмыс істеуі, қатай­тылуы керек. Мемлекеттік органдар браконьерлікке қар­сы кү­ресті күшейтуге бағыттал­ған қыз­меттерін үйлестірілгенде ға­на ортақ істе нәтиже болмақ. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.