03 Маусым, 2011

Құзырлы қарекет қадамдары

313 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Мемлекеттік салалар қызметі­нің заңға сай жүргізілмеуіне бай­ланысты арада туындаған нара­зы­лықтар соңы қашанда жақсы­лыққа апармайды. Ондай кемшіліктерді дер кезінде жойып, заң талаптарын жолға қою құқық қорғау органдарының басты міндеті болып табылады. Солардың ішінде қосымша құн салығын қай­таруға қатысты салық даула­рын шешу мәселесі кезек күт­тірмейтін іс. Мұндай жағдайда қа­дағалау органдары жергілікті жер­лерде бизнес өкілдерінің құ­қық­тарын және мемлекет мүдде­ле­рін сақтап, салық төлеу сала­сында заңдылықтың бұзылуын анықтау және олардың бастапқы кезінде жолын кесу үшін түбе­гейлі шаралар қабылдап, нақты құқық қорғаушылық міндеттерін жүзеге асырулары тиіс. Осыған орай Бас прокурату­раның алқа мәжілісінде қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтаруға қатысты салық дауларына байла­нысты, сондай-ақ алдын ала қа­мау орындарындағы адамдарды азаптауға және оларға қатыгез­дік­пен қараудың басқа да түрле­рін қолдануға қарсы тұру мәсе­лелері талқыланды. Жалпы нөл­дік ставка арқылы салық салын­а­тын айналымдар бойынша ҚҚС сомасын мемлекеттің қайтару рәсімі салықтың қайтарылатын сомасының пайдаланылатын та­уарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің айналымы үдерісінде бюджетке алдын ала төленіп қойғанын білдіреді. Бі­рақ алақол салық төлеушілер са­лық­тан жалтарудың күрделі сыз­баларын пайдалана отырып, бюд­жетке нақты төленбеген ҚҚС-тың едәуір сомасын заңды түрде қайтаруды ұсынып отыр, дейді Бас прокуратура өкілдері. Мұн­дай келеңсіздіктер мемлекеттің мүд­де­сіне қайшы келеді, өйткені, ала­қол салық төлеушілердің жә­не экспорттаушылардың талапта­рын қанағаттандырған жағдайда бюд­жет айтарлықтай зиян шегеді. Аталған алқада қаралған осы мәселелерге байланысты Бас Про­­курор А. Дауылбаев салық тек­се­рулерінің нәтижелері бойынша кәсіпкердің кінәсі ретінде көп­те­ген бұзушылықтар тағатын уәкі­лет­ті және құқық қорғау орган­да­ры салық төлеушінің «кінәлілік презумпциясы» тәрізді жөнсіз тә­жірибеден бас тартулары қа­жет, деді. Мұндай жағдай бизнесті жүргізудегі кедергілерді жою жө­ніндегі Мемлекет басшысының саясатына қайшы келеді және сыбайлас жемқорлық құқық бұ­зу­шылықтарын жасауға ыңғайлы жағдай туғызуы мүмкін. Демек, мұндайға жол бермес үшін іс­кер­лердің құқықтарын шектеу деректерін жою мақсатында салық қызметі және қаржы полициясы органдары бизнес құрылымда­ры­мен тығыз және тиімді өзара іс-қимыл орнатулары керек. Ос­ын­дай өзара іс-қимыл бір мезетте кәсіпкерлердің құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау­ды қамтамасыз ете алатын көрі­неді. Өйткені, салық органдары адал салық төлеушілердің құқық­тарын бұзу деректерін болдыр­ма­уы қажет. Ал Қаржы министрлігі нақты экспорттаушыларды ынта­ландыратын, мемлекеттік бюд­жет­тен ҚҚС қайтарудың жаңа пәр­менді тетігін әзірлеуі тиіс. Елімізде азаптауларға қарсы тұру бағытында соңғы жылдары көп жұмыстар атқарылғаны және азаптауға қарсы күрес саласында жүйелі шаралар қабылданғаны белгілі. Құқықтық жүйені реформалау, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру барысында айтарлық­тай іс тындырылды. Ұлттық заң­на­малар халықаралық стандарт­тар­ға сәйкестендірілді. Бас прокуратурада бас бостандығынан айыру мен уақытша ұстау орын­дарының заңдылығын қадағалау жөніндегі арнайы департамент құ­рылды. Бас Прокурор маман­дан­дырылған мекемелерде ұста­ла­тындарды қатыгездікпен қинау және өзге де заңсыз әрекеттер туралы арыздар мен өтініштерді тексеру туралы арнайы нұс­қау­лықты бекітті. Осыған орай атал­ған қылмыстардың алдын алуда А.Дауылбаев құқық қорғау ор­ган­дарының жұмыс нәтижелігі анықталған азаптау деректерінің саны бойынша емес, ол тәуелсіз қоғамдық және халықаралық ұй­ымдардың ресми баянда­мала­рын­дағы қатыгез қарым-қатынас­қа қатысты өтініштердің шына­йы азаюымен бағаланатынына ерекше назар аударды. Талқылау қорытындысы бой­ын­ша алқа мәжілісінде айтылған жәйлерге байланысты Әділет министрлігі заңнамаларға өзгеріс­тер енгізу туралы мәселеге, атап айт­қанда, тергеу изоляторлары жа­нынан сотталғандарды уақыт­ша ұс­тауға арналған тасымалдау-ау­да­ру бекеттерін құруға бас­та­ма­шы болғаны жөн. Ал Ішкі істер ми­нистрлігі азаптауларды қол­да­ну деректері үшін анықтау және тергеу органдары лауазым­ды тұл­ға­ларының дербес жауапкершіліктерін арттырып, сондай-ақ ұстал­ған­дарды қызметтік бөл­ме­лерге жет­кізу үдерісін бейне­жазбаға тү­сі­руді қамтамасыз етіп отыруы қажет. Негізінде прокуратура орган­дарының осындай заңдылықты қам­тамасыз ету, азаматтардың кон­с­титуциялық құқықтарын қор­ғау қызметтерін жетілдіру, кө­бінесе, ақпараттық техноло­гия­ларды тиімді пайдалануымен байланысты екені анық. Міне, осы орайда, Астанада Бас про­куратураның Call-орталығы өз жұмысын бастады. Call-орта­лы­ғы­ның операторлары шағымдар­ды тәулік бойына 115 нөмірі арқылы қабылдай алады. Олардың айтуынша, азамат­тар­дың конституциялық құқық­та­ры мен бостандықтарын бұзу деректерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың ша­ғымдарын қабылдау және тіркеу орталықтың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Атап айт­қанда, ондай хабарламалар қыл­мыс, хабар-ошар­сыз кеткен адам­ға іздеу салу, заңсыз алып кету бойынша ар­ыз­дарды тіркеуден негізсіз бас тарту секілді қыл­мыс­тық қудалау орган­дарының әрекеттеріне қатысты бо­луы мүм­кін. Call-орталығы ар­қы­лы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы, соның ішінде заңсыз тексерулерге байланысты, сон­дай-ақ лауазымды тұлғалардың сы­бай­лас жемқорлық сипатын­да­ғы әре­кеттеріне қарсы шағымдар бой­ын­ша хабарласуға болады. Александр ТАСБОЛАТОВ.