07 Маусым, 2011

Туризм кластерін дамыту – өзекті мәселе

745 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Нарық заманында тірлігін тү­зеген Қапшағай аймағындағы қолға алынған іргелі істердің бірі – бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру ба­ғытында нақты жұмыстардың қол­ға алы­нып, жалғасын тап­қаны. Күре жолдың бой­ындағы демалыс орындары жолаушы­ны шақырып, қол бұлғайтындай. Қапшағай су қоймасының оң­түстік және солтүстік жаға­жайларында тұтыну­шы­ға қыз­мет көрсететін 178 демалыс ор­ны бар. Олар үш секторға бө­лін­ген. Қала аймағындағы демалыс ор­ын­дарының са­ны 38 болса, сол­түс­тік жағажайда 27 және қа­ла­дан 40 шақырым жерде 113 дем­а­лыс орны халыққа жаз ай­ла­рын­да қызмет көрсетеді. Онда де­ма­лу­шыларды жатын орын­мен бірге, мәдени шаралармен қамту жа­ғы жан-жақты ұйым­дас­тырылған. Күн ысып, суға шомылу бас­талған сәттен, әсіресе, демалыс күндері Қап­ша­ғай жағажайында демалатындардың саны үш есеге дейін артады. Бір күнде дема­латындардың саны 16 мыңға дейін жететін кездер де болады. Өткен жылдан бері Ыстықкөлге бару саябырсығаны белгілі. Сон­дықтан өткен жазда мұнда Алматы­дан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен ағылған де­ма­лушыларда есеп болмады. Және бір атап көрсететін жәйт – де­ма­лыс орындары көрсеткен сервистік қызметтің жоғары тал­ғамда болуына негіз қаланған. Жылда жазғы демалыс нау­қаны 1 ма­мыр мен 30 мамыр ара­лы­ғында өтетін Іле-Бал­қаш ре­га­тасымен бас­та­лады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тау­ып, он бірінші мәр­те жалау көтерген шара адамдарды қорша­ған ор­та­ны қа­дірлеу мен табиғатты ая­лауға үн­­деді. Айға созыла­тын жүзу са­парына 70 команда қа­ты­сатыны да үлкен қуаныш. Қапшағай сыртын­дағы «Мұ­ра­гер» эко­ло­гиялық лагері де­ма­лыс кезеңі бас­та­лысымен мектеп оқушыларын қабылдауға есі­гін айқара ашады. Жолда­ма­ның құ­ны 9500 теңге болса, он­ың ішіне экскурсия, аквапаркті тамашалау, лагерь іс-шара­ла­ры, бес мезгіл тамақтану кіреді. Лагерьге Қап­шағайдағы балалар үйі мен көп ба­лалы отбасы­ла­ры­нан бүлдір­шін­дер келіп, тегін демалады, денсаулықтарын түзейді. Қапшағай жағалауында соң­ғы жыл­дар­да туризм индустрия­сы­ның қарқынды дамуы бай­қа­лады. Өткен, 2010 жылы көр­се­тілген ақылы туристік-сауықты­ру қыз­ме­т көлемі 385 000,0 мың теңгені құр­ғаны осының дәлелі. Аймақтағы туризмді дамыту бағ­дарлы шаралармен жалғасын тапқан. Мәселен, Қапшағай де­ма­лыс база­ларында халық­ара­лық, республикалық, об­лыстық деңгейдегі туристік көрмелер, жәрмеңкелер мен конференциялар өткізі­ліп, оның мыңызына мән беріледі. Шаһарда ішкі туризмді да­мы­тумен 5 ту­ристік фирма ай­на­лысады. Олар облыс­тық туризм, дене тәрбиесі және спорт бас­қармасы ұйымдастыратын жыл­да­ғы жәр­мең­келер мен экспеди­ция­ларға қатысады. Өткен жыл­дың шілде айында «Сарқылмас саяхат» атты халықаралық жәр­меңкеге Қапшағай қаласы аты­нан «Оазис» спорт-көңіл көтеру кешені «Қапшағай фарфор» акционерлік қоғамы, «Аквапарк» серіктестігі, «Марат» фотоса­ло­ны қатысып, жақ­сы жұмыста­рын жарнамалауына мүм­кін­дік алды. «Алматы облысындағы ту­ризм саласының мүмкіндік­те­рі» атты об­лыс­тық конферен­цияға спорт-көңіл көте­ру кешені өзінің инвестициялық жобасын ұсынып, абыройымен қорғаға­нын да айт­қан жөн. Туризмді дамыту бағытында бәсекеге қабілетті жаңа туристік нысандар салу көзделген. Қап­ша­ғай су қоймасының сол­түстік жағалауында 2010 жылы 3 жаңа туристік құрылым іске қосылып, оған 577 млн. 360 мың теңге инвестиция тартылған. Туризм саласындағы мекеме қызмет­те­рінен түскен пайда 2015 жылы 2008 жыл­ға қар­а­ған­да 47,5 пайызға өседі деп жос­пар­ланған. Осы салаға салынар инвес­ти­ция­ның негізгі қорын 2015 жылға қа­рай 40 пайызға жеткізу бағы­тын­дағы жұмыс ын­­тамен атқа­ры­­лу­да. Туристік индустрия құ­ры­лы­сы­ның өсуіне байланысты көрсе­тілер туристік қызмет кө­лемі де жыл сай­ын 10 пайызға көтеріліп, жоспардың мақсат-мүд­десін ай­қындай түсіп отыр. Жасөспірімдер туризмін да­мы­ту да бас­ты назарда. Осы ба­ғытта «Менің Ота­ным – Қа­зақ­стан», «Туған жерім – жер­ұйы­ғым» атты экспедициялар ұйым­дас­ты­рылған. «Мұрагер» эколо­гия­лық тобы «Таңбалы тас» эко­логиялық акциясын өт­кізсе, «Та­биғат» экологиялық одағының төрағасы М. Елеусізовтің және Есік зоо­ба­ғының директоры А. Шляховтың қаты­суымен эколо­гиялық конференцияның да жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген көз­қарасын қалыптастыруға тигізген әсері мол деуге болады. Қапшағай су қоймасында үш бағыт бой­ынша жұмыс жүргі­зі­лу­де. Аймақтағы туризмнің ин­фра­­құрылымдарын дамыту үшін міндетті түрде туристер жалпы пай­да­ланатын жол-көлік, оған қо­са сумен, электр энергия­сы­мен жә­не канализациямен қам­та­масыз ететін инфрақұры­лым­дар­ды жетілдіру қажеттігі алға қойылған. Осы­лайша Қапша­ғай­да туризм кластерін дамыту ісі одан әрі өз жал­ға­сын таба­ты­ны­на бүгінгі қол­ға ал­ын­ған ұтым­ды істер нақты дәлел. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.